ﮰ
surah.translation
.
من تأليف:
خليفة الطاي
.
ﰡ
ﭬ
ﰀ
Йә. Син.
ﭮﭯ
ﰁ
Терең сырлы Құранға серт.
(Мұхаммед Ғ.С.) шәксіз сен анық елшілерденсің.
Тура жолдасың.
Өте үстем, ерекше мейірімді Алла түсірген (Құран жолы.)
Аталары ескертілмей өздері кәперсіз қалған елге ескертуің үшін.
Расында олардың көбі зиянына берілген қаулыға лайық болды. Сондықтан олар иман келтірмейді. (2-С. 7-А.)
Рас олардың мойындарына боғаулар салдық. Сонда ол. иектеріне дейін; сондықтан олардың бастары кекжиіп қалған. (Бұл бір мысал: Қасарысып, шындыққа бас имейді. Ж.)
Олардың арттарынан да бөгет алдарынан да бөгет жасап, көздерін қаптадық. Олар көрмейді.
(Мұхаммед Ғ.С.) Оларға ескертсең де ескертпесең де бәрі бір. Олар иман келтірмейді.
Шын мәнінде сен, үгітге еріп, Рахманды көрмей-ақ қорыққан кісілерге ескерте аласың. Ал оларды жарылқау және құрметті сыйлықпен қуант!
Рас Біз өліктерді тірілтеміз. Сондай-ақ олардың ілгері жіберген, кейін қалдырған нәрселерін жазамыз. Әр нәрсені ашық бір Кітапта түгендеп қойдық. (Адамның; үйретілген ғылым, жаряланған кітап және жасалған хайыр құрылыстарының сауабы немесе қалдырған жаман өнегелерінің күнәсы; өлгеннен кейін де ғамал дәптеріне жазылып, отырады. Б.М.К.Р.)
(Мұхаммед Ғ.С.) оларға, елшілер келген кент халқын мысал көрсет: (Антақя кенті. Ғиса Ғ.С. ның влшілері. Б.Ж.М.)
Оларға екі елші жібердік. Сонда олар екеуін жасынға шығарды. Үшінші елшімен қуаттадық. Сонда елшілер: "Рас сендерге елшіміз" деді.
(Кент халқы): "Сендер біз сияқты ғана адамсыңдар. Сендерге Рахман, еш нәрсе жіберген жоқ. Сендер мүлде өтірік айтасыңдар" деді.
(Елшілер): "Раббымыз біледі. Расында сендерге елшіміз."
"Бізге ашық түрде жалғастыру ғана міндет" деді.
Олар: "Расында сендер себепті сәтсіздікке ұшырадық. Егер айтқандарыңнан қайтпасаңдар, әлбетте сендерді таспен атқылаймыз. Сондай-ақ сөзсіз сендер бізден жан түршігерлік қинау көресіңдер" деді.
(Елшілер): "Сәтсіздіктерің өздеріңмөн бірге. (Өз қылықтарыңнан.) Берілген үгітті ырым қыласыңдар ма? Олай емес. Сендер шектен шыққан елсіңдер" деді.
Қаланың шетінен біреу жүгіріп келіп: "Әй қаумым! Елшілерге ілесіңдер" деді.
"Сендерден ақы сұрамайтын кісілерге еріңдер. Олар тура жолда."
"Өзімді жаратқанға неге құлшылық қылмаймын? Және сендер де Соған қайтарыласыңдар."
"Одан өзге тәңірлер етіп алайын ба? Мүбада Алла маған зиян келтіргісі келсе, Олардың қолдаулары маған ешбір пайда бермейді де олар мені құтқара алмайды."
"Сөз жоқ, онда мен ашық адасуда боламын."
"Күдіксіз Раббыларыңа иман келтірдім. Енді маған құлақ салыңдар" (дегендігі үшін елі таспен атып өлтіреді. Б.Ж.К.М.Р.)
"Жаннатқа кір" делінді де ол: "Әттең! Елім білген болса еді;"
"Раббымның мені жарылқап, ардақтылардан еткенін" деді.
Одан кейін оның еліне, көктен бір әскер түсірмедік әрі түсіруші де емеспіз.
Ол бір ғана дауыс еді. Сонда олар сөніп, жоқ болды.
Өздеріне келген елшіні ұдайы мазақ қылған құлдарға нендей өкініш!
Олардан бұрын қаншалаған нәсілдерді жоқ еткенімізді; олардың бұларға қайтып келмейтінін көрмей ме?
Біртұтас барлығы алдымшға жиналады.
Оларға өлі жер; бір белгі. Оны жандандырып, одан дән шығарамыз да сонда олар одан жейді.
Сондай-ақ онда құрмалардан, жүзімдерден бақшалар қылып, онда бастаулар ағыздық.
Оның жаратқан өнімінен әрі өздері қолекі істеген нәрселерінен жесін. Сонда да шүкір қылмай ма?
Сондай пәк Алла, барлық нәрсені жүп-жүбімен жаратты. Мейлі ол жердің өсірген нәрселерінен болсын, мейлі өздері өндірген және тағы білмегендерінен болсын.
Оларға түн бір белгі. Одан күндізді ажыратамыз. Сонда олар, қараңғылықта қалады.
Сондай-ақ күн белгіленген көлемінде жүреді. Міне осы аса үстем, әр нәрсені білуші Алланың өлшеуі.
Тағы айдың орындарында өлшеп қойдық. Ескі құрманың қураған бұтағындай болғанға дейін.
Күннің айға жетуі мүмкін емес. Және түнде күндізден ілгерлемейді. Әрбірі көкте жүзеді.
Олардың нәсілдерін толы кемеде (Нұх кемесінде) тасуымыз, олар үшін бір белгі (Б.Ж.К.М.)
Әрі олар үшін сол сияқтыдан мінетін көліктер жаратуымыз (да бір белгі.)
Қаласақ, оларды суға батырамыз. Сонда оларға болысушы да жоқ, олар құтқарылмайды да.
Бірақ Біздің тарапымыздан бір мәрхамет және бір мерзімге дейін пайдалану болады.
Қашан оларға: "Алдарыңдагы және арттарыңдағы жағдайлардан сақтаныңдар. Әрине мәрхаметке бөленесіңдер" делінсе;
Сондай-ақ оларға Раббыларының белгілерінен бір белгі келсе-ақ олар одан жалтарады.
Қашан оларға: "Алланың сендерге берген несібесінен тиісті орынға жұмсаңдар" делінсе, сондай қарсы болғандар: "Алла қаласа, тамақтандыратын біреулерді біз тамақтандырамыз ба? Сендер мүлде адасқансыңдар" деді.
Олар: "Егер шын айтсаңдар, Бұл құқайларың қашан?" дейді.
Олар таласып тұрғанда, оларды қолға алатын бір-ақ ащы дауыс күтіп тұрады.
Сонда олар өсиет айталмайды да үйлеріне де қайта алмайды.
Сұр үрілсе, сонда олар қабырларынан Раббыларына жүгіреді:
"Әттең-ай, бізді жатқан жерімізден кім тұрғызды?",-дейді. "Міне мейірімді Алланың уәдесі.Пайғамбар да шын айтқан" (делінеді.)
Бір ғана айғай болады да сонда тұтас алдымызға әзір болады.
Ал енді бүгін ешкімге зұлымдық етілмейді. Сондай-ақ істегендеріңнің ғана бодауын көресіңдер.
Расында жаннаттықтар, ол күні зауықты шұғылдануда болады.
Олар да жұбайлары да көлеңкелердегі дивандарға жастанған түрде болады.
Олар үшін онда жемістер және өздеріне не тілегендері бар.
Ерекше мейірімді Раббыларынан оларға: "Сәлем" сөзі боладьі.
"Әй күнәкарлар! Бүгін араны ашыңдар!"
Әй адам баласы! Сендерге: "Шайтанға табынбаңдар. Әрине ол, өздеріңе ашық дұшпан" деп, серт бермедім бе?
"Маған құлшылық қылыңдар. Тура жол осы!"
Расында ол, сендерден көптеген топты адастырды. Сонда да түсінбейсіңдер ме?
Сендерге уәде етілген тозақ осы.
Қарсы келулерің себепті бүгін оған кіріңдер.
(Олар қылмыстарынан танғандықтан. Б.Ж.М.К.Р) Ол күні олардың ауыздарын мөрлейміз. Бізге олардың қолдары сөйлеп, не істегендеріне аяқтары айғак болады. (24-С. 24-А. 41-С. 20-А)
Мүбада қаласақ, олардың көздерін мүлде соқыр қылар едік те сонда олар жол іздесе, қайтып көрер еді?
Егер қаласақ, олардың мекендерінде әлбетте бейнелерін өзгертер едік. Сонда олар ілгері де кейін де кете алмас еді.
Әлде кімге өмір берсек, жаратылыста оны қайта бастырамыз. Олар түсінбей мө? (16-С. 70-А. 30-С. 54-А.)
(Мұхаммед Ғ.С. га) өлең үйретпедік әрі оған ол, лайық емес. Ол, бір үгіт және ашық Құран ғана: (26-С. 224-А.)
Тірі кісілерге ескерту, қарсы болғандарға байланысты сөз шынға шығу үшін.
Олар үшін рас қолдарымызбен хайуандарды жаратқанымызды көрмей ме? Сондай-ақ өздері оларға иелік етеді.
Малды, оларға бойсұндырдық. Олар кейіне мінеді, кейінің етін жейді.
Олар үшін малдарда түрлі пайдалар, сусындар бар. Сонда олар шүкірлік қылмай ма? (16-С. 80-А)
Олар Алладан өзге тәңірлер жасап алып, олардан көмек көретіндіктерін үміт өтеді.
Олар (бұттар), оларға көмек ете алмайды. Олардың өздері ол бұттарды қорғау үшін әзір әскер.
(Мұхаммед Ғ.С) олардың сөздері сені кейітпесін. Әрине Біз олардың көрнеулерін де көместерін де білеміз.
Адам баласы өздерін бір тамшы судан жаратқанымызды көрмей ме? Сонда да ашық қиқарлық істейді.
Олар өз жаратылысын ұмытып, Бізге мысал берді: "Міне шіріген сүйектерді кім тірілтеді?",- деді.
(Мұхаммед Ғ.С.): "Оны, сондай алғаш жаратқан тірілтеді. Ол, барлық жаратылысты біледі" де.
Ол сондай Алла, сендерге жасыл ағаштан от жаратты. Сол уақытта сендер оны жағасыңдар. (Марых, Ғафар деп аталатын екі жасыл ағаш. Бір-біріне үйкелсе жанады. Б.Ж.М.К.Р.)
Сондай көктер мен жерді жаратқан Алла, олар сияқтыны жаратуға күші жетпей ме? Әлбетте күші жетеді. Ол, әр нәрсені жаратушы, толық білуші.
Шын мәнінде Ол, бір істің болуын қаласа, Оның бұйырығы оған "бол" деу, сонда ол бола қалады.
Барлық нәрсенің билігі қолында болган әрі сендер Соған қайтарылатын Алла; кемшіліктен пәк.