ﯞ
surah.translation
.
من تأليف:
خليفة الطاي
.
ﰡ
Әй мүміндер! Алладан әрі Елшісінен ілгері кетпеңдер. Және Алладан қорқыңдар. Шүбәсыз Алла, аса естуші, толық білуші.
Әй мүміндер! Дауыстарыңды Пайғамбардың дауысының үстіне көтермеңдер. Өзара бір - біріңе дауыстагандай Пайғамбарға дабырлап сөйлеспеңдер. Ғамалдарың жойылып, аңғариай қаласыңдар.
Шынында Пайғамбардың жанында дауыстарын бәсеңдеткендер, міне солар, Алла жүректерін тақуалық тшін сынағандар. Оларға жарылқау әрі зор сыйлық бар.
(Мұхаммед Ғ.С.) расында саған хұжыралардың арт жағынан айғайлағандардың көбі түсінбегендер.
(Мұхаммед Ғ.С.) егер сен оларға шыққанға дейін олар сабыр етсе, әрине өздеріне жақсы болар еді. Алла аса жарылқаушы, ерекше мейірімді.
Әй мүміндер! Бұзық біреу хабар келтірсе, оны анықтаңдар. Әйтпесе білмей бір елге кесірлерің тиіп, істегендеріңе өкінесіңдер.
Араларыңда Алланың Елшісі барлығын біліңдер. Егер ол, істің көбінде сендерге бағынса еді, әрине қиыншылыққа ұшырар едіңдер. Бірақ Алла, сендерге иманды жақсы көрсетіп, оны жүректеріңде зейнеттеді. Сондай-ақ сендерге; қарсылықты, бұзақылықты және бас тартуды жек көрсетті. Міне солар тура жолдағылар.
Бұл Алладан кеңшілік, және нығмет. Алла толық білуші, хикмет иесі.
Егер мүміндерден екі топ соғысса, дереу араларын жарастырықдар; мүбада екі жақтын бірі, екіншісіне өктемдік жасаса, бас тартқан жақпен Алланың әміріне қайтқандарына дейін соғысыңдар. Егер қайтса, араларын әділдікпен жарастырыңдар, туралық істеңдер. Расында Алла туралық істеушілерді жақсы көреді.
Шын мәнінде мүміндер туыс қой. Сондықтан екі туыстарыңның арасын жарастырыңдар. Және Алладан қорқыңдар. Мүмкін игілікке бөленерсіңдер.
Әй мүміндер! Бір ел, бір елді тәлкек қылиасын. Бәлкім олар өздерінен жақсы шығар. Сондай-ақ әйелдер, әйелдерді келемеждемесін. Бәлкім олар өздерінен жақсы шығар. Бір-біріңді міндемеңдер; жаман ат тағыспаңдар. Иман келтіргеннен кейін сүркей ат нендей жаиан. Ал кім тәубе қылмаса, міне солар залымдар.
Әй мүміндер! Күмәнның көбінен сақтаныңдар. Өйткені, күмәнның кейбірі күнә. Сыр тексермеңдер, біреуді-біреу ғайбаттамасын. Біреулерің өлген туысының етін жеуді жақсы көре ме? Әрине оны жек көресіңдер. Расында Алла тәубені тым қабыл етуші, ерекше мейірімді.
Әй адам баласы! Шүбәсыз сендерді бір ер, бір әйелден (Адам, Хауадан) жараттық. Сондай-ақ бір-біріңді тануларың үшін сендерді ұлттар, рулар қылдық. Шынында Алланың қасында ең ардақтыларың тақуаларың. Шәксіз Алла толық білуші, әр нәрседен хабар алушы.
Бәдеуилер: "Иман келтірдік" деді. (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Сендер иман келтірмедіңдер. Алайда: "Мұсылман болдық" деңдер. Өйткені, иман жүректеріңе кірмеді. Егер Аллаға, Пайғамбарга бағынсаңдар, ғамалдарыңнан еш нәрсе кемітпейді. Шүбәсыз Алла, аса жарылқаушы, тым мейірімді" де.
Шын мәнінде сондай Аллаға, Елшісіне иман келтірген мүміндер, сосын күдіктенбей; Алла жолына малдары әрі жандарымен соғысты. Міне солар, шыншылдар.
(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Аллаға діндеріңді үйретесіңдер ме? Негізінде Алла, көктердегі әрі жердегі нәрселерді біледі. Сондай-ақ Алла әр нәрсені толық білуші" де.
(Мұхаммед Ғ.С.) олар саған Мұсылман болғандықтарына бұлданады. Оларға: "Мұсылман болғандарыңа маған міндетсімеңдер. Керісінше, егер шыншыл болсаңдар, сендерді иманға көндіктіргендігі үшін сендерге Алла, міндетсиді" де.
Расында Алла, көктер мен жердегі құпияны біледі. Сондай-ақ істегендеріңді толық көруші.