Әй Пайғамбар! Егер саған мүмін әйелдер, Аллаға еш нәрсені ортақ қоспауға, ұрлық қылмауға, зинашы болмауға балаларын өлтірмеуге, қол-аяқтарының арасынан бір жала жаппауға, (Суық жолдан тапқан баланы өз еріне телімеуге. Ж.М.) және ізгілік істеуге, өзіңе қарсы келмеу үшін келген кезде, олардың (биғаттарын) серттерін қабыл ал. Олар үшін Алладан жарылқау тіле. Өйткені Алла, тым жарылқаушы, ерекше мейірімді.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ей, Пайғамбар! Қашан саған иманға келген әйелдер Аллаһқа ешнәрсені серік етіп қоспауға, ұрлыққылмауға, зина жасамауға, балаларын өлтірмеуге, қол-аяқтарының арасынан бір жала жаппауға / бұзық жолмен тапқан баланы күйеуіне телімеуге / әрі құпталғанда саған қарсы келмеуге серт беруге келсе, олардың серттерін қабыл ет және олар үшін Аллаһтан кешірім тіле. Ақиқатында, Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي