فَٱسۡتَجَابَ لَهُمۡ رَبُّهُمۡ أَنِّي لَآ أُضِيعُ عَمَلَ عَٰمِلࣲ مِّنكُم مِّن ذَكَرٍ أَوۡ أُنثَىٰۖ بَعۡضُكُم مِّنۢ بَعۡضࣲۖ فَٱلَّذِينَ هَاجَرُواْ وَأُخۡرِجُواْ مِن دِيَٰرِهِمۡ وَأُوذُواْ فِي سَبِيلِي وَقَٰتَلُواْ وَقُتِلُواْ لَأُكَفِّرَنَّ عَنۡهُمۡ سَيِّـَٔاتِهِمۡ وَلَأُدۡخِلَنَّهُمۡ جَنَّٰتࣲ تَجۡرِي مِن تَحۡتِهَا ٱلۡأَنۡهَٰرُ ثَوَابࣰا مِّنۡ عِندِ ٱللَّهِۚ وَٱللَّهُ عِندَهُۥ حُسۡنُ ٱلثَّوَابِ ١٩٥
Al-Imran 3:195
سورة آل عمران
Medinan
Verse: 195/200
Page 76
-
King Fahd Complex
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Сонда олардың Раббылары тілктерін қабыл етті: «Шын мәнінде Мен сендерден еркек, әйел ғамал істеушілердің ғамалын зая қылмаймын. Бір- біріңненсіңдер. (Бәрің бірдейсіңдер.) Және сондай босқандардың, жұрттарынан шығарылғандардың және Менің жолымда жапа шектірілгендердің, соғысқандардың, өлтірілгендердің жамандықтарын жасырамын. Сондай-ақ оларды астарынан өзендер ағатын бақшаларға кіргіземін. Сыйлық Алланың қасынан. Әрине сыйлықтың жақсысы Алланың қасында » -
Khalifa Altai Association
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي
Сонда Раббысы оларға: «Анығында, Мен сендерден амал істеуші еркек не әйелдің амалын зая кетірмеймін. Сендер - бір-біріңненсің. Ал, сондай қоныс аударған, жұрттарынан қуылған, Менің жолымда жапа шеккен, соғысқан және өлтірілгендердің жаман істерін кешіріп, оларды астынан өзендер ағып жататын / Жәннаттағы / бақтарға кіргіземін. Бұл - Аллаһтан бір сый ретінде. Сыйдың көркемі - Аллаһта», - деп жауап берді.
Al-Imran 3:195
Loading the recitation…
0:00