۞ قُلۡ تَعَالَوۡاْ أَتۡلُ مَا حَرَّمَ رَبُّكُمۡ عَلَيۡكُمۡۖ أَلَّا تُشۡرِكُواْ بِهِۦ شَيۡـࣰٔاۖ وَبِٱلۡوَٰلِدَيۡنِ إِحۡسَٰنࣰاۖ وَلَا تَقۡتُلُوٓاْ أَوۡلَٰدَكُم مِّنۡ إِمۡلَٰقࣲ نَّحۡنُ نَرۡزُقُكُمۡ وَإِيَّاهُمۡۖ وَلَا تَقۡرَبُواْ ٱلۡفَوَٰحِشَ مَا ظَهَرَ مِنۡهَا وَمَا بَطَنَۖ وَلَا تَقۡتُلُواْ ٱلنَّفۡسَ ٱلَّتِي حَرَّمَ ٱللَّهُ إِلَّا بِٱلۡحَقِّۚ ذَٰلِكُمۡ وَصَّىٰكُم بِهِۦ لَعَلَّكُمۡ تَعۡقِلُونَ ١٥١
Al-An'am 6:151
سورة الأنعام
Meccan
Verse: 151/165
Page 148
-
King Fahd Complex
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
(Оларға): «Келіңдер, сендерге Раббыларыңның арам еткендерін оқиын: «Оған еш нәрсені шерік қатпаңдар, әке-шешеге жақсылық істесеңдер, жарлылыктан балаларыңды өлтірмеңдер» де. Сендерді де оларды да біз ризықтандырамыз. «Тағы арсыздықтардың көрнеуіне де көмесіне де жақындамаңдар. Және де Алла арам еткен кісіні өлтірмеңдер, жазықты болса ғана болады. Сендерге осыларды Алла әмір етті. Әрине түсінерсіңдер » (де) (Өлтірілуге тиісті болғандар: Жорта кісі өлтіргендер, мүртәд болып діннен шыққандар және үйлі бола тұрып зина қылғандар.» -
Khalifa Altai Association
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي
Айт: «Келіңдер, Раббыңыздың сен¬дерге тыйым салған нәрселерін оқып берейін: «Оған ешнәрсені серік етіп қоспаңдар, ата-анаға жақсылық жасаңдар және кедейліктен / қорқып / балаларыңды өлтірмеңдер. Сендерге де, оларға да Біз ризық береміз.Жиіркенішті істерге және оның ашық та,жасырын да түріне жақындамаңдар.Сондай-ақ өлтірілуіне Аллаһ тыйым салған жанды өлтірмеңдер, тек, егер құкықты түрде / заң бойынша / болмаса. Ол мұны сендерге, ақылдарыңды істетіп, ұғынуларың үшін өсиет етіп тапсырды.
Al-An'am 6:151
Loading the recitation…
0:00