أَلَمۡ تَرَ إِلَى ٱلَّذِي حَآجَّ إِبۡرَٰهِـۧمَ فِي رَبِّهِۦٓ أَنۡ ءَاتَىٰهُ ٱللَّهُ ٱلۡمُلۡكَ إِذۡ قَالَ إِبۡرَٰهِـۧمُ رَبِّيَ ٱلَّذِي يُحۡيِۦ وَيُمِيتُ قَالَ أَنَا۠ أُحۡيِۦ وَأُمِيتُۖ قَالَ إِبۡرَٰهِـۧمُ فَإِنَّ ٱللَّهَ يَأۡتِي بِٱلشَّمۡسِ مِنَ ٱلۡمَشۡرِقِ فَأۡتِ بِهَا مِنَ ٱلۡمَغۡرِبِ فَبُهِتَ ٱلَّذِي كَفَرَۗ وَٱللَّهُ لَا يَهۡدِي ٱلۡقَوۡمَ ٱلظَّٰلِمِينَ ٢٥٨
Al-Baqarah 2:258
سورة البقرة
Medinan
Verse: 258/286
Page 43
-
King Fahd Complex
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
(Мұхаммед Ғ.С.) өзіне Алла патшалық берді деп, Ыбырайым (Ғ.С.) мен Раббы жайында таласқанын көрмедің бе? (Бұл Құдаймын деген бабыл патшасы Намрұд) Сол уақытта Ыбырайым (Ғ.С.): «раббым өлтіреді де тірілтеді» деді. Ол: «Мен де өлтіремін де тірілтемін» деп, (өлімге бұйырылған біреуді қоя беріп, жазықсыз біреуді өлтіртеді) Ыбырайым (Ғ.С.): «Расында Алла күнді шығыстан келтіреді, сен оны батыстан келтірші» деді. Сонда кәпір абыржып қалды. Алла залым елді тура жолға салмайды. -
Khalifa Altai Association
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي
Ей, Мұхаммед! / Өзіне Аллаһ патшалық берсе де, Ибраһиммен оның Раббысы туралы тартысқанды білмедің бе? Сонда Ибраһим: «Менің Раббым - Ол сондай, өмір беріп тірілтеді және өлтіреді», - деді. Ол / Намруд / :«Мен де тірілтемін және өлтіремін», - деді. Ибраһим: «Ақиқатында, Аллаһ күнді шығыстан келтіреді, ал сен оны батыстан шығар», - деді. Сонда күпірлік еткен / Аллаһтың игіліктерін теріске шығарған / ол абдырап қалды. Аллаһ әділетсіз адамдары тура жолмен жүргізбейді.
Al-Baqarah 2:258
Loading the recitation…
0:00