يَسۡـَٔلُونَكَ مَاذَآ أُحِلَّ لَهُمۡۖ قُلۡ أُحِلَّ لَكُمُ ٱلطَّيِّبَٰتُ وَمَا عَلَّمۡتُم مِّنَ ٱلۡجَوَارِحِ مُكَلِّبِينَ تُعَلِّمُونَهُنَّ مِمَّا عَلَّمَكُمُ ٱللَّهُۖ فَكُلُواْ مِمَّآ أَمۡسَكۡنَ عَلَيۡكُمۡ وَٱذۡكُرُواْ ٱسۡمَ ٱللَّهِ عَلَيۡهِۖ وَٱتَّقُواْ ٱللَّهَۚ إِنَّ ٱللَّهَ سَرِيعُ ٱلۡحِسَابِ ٤
Al-Ma'idah 5:4
سورة المائدة
Medinan
Verse: 4/120
Page 107
-
King Fahd Complex
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Олар, сенен өздеріне не нәрсенің халал қылынғандығын сұрайды: «Сендерге таза нәрселер (дін бойынша халал нәрселер.) халал қылынды» де. Және де Алланың өздеріне білдіргенін үйретіп, тәрбиелеген жыртқыштарды: Алланың атын айтып (аңға) салсаңдар, сендер үшін ұстағандарын жеңдер. Алладан қорқыңдар, күдіксіз Алла (Т.) есепте өте тез. -
Khalifa Altai Association
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي
Ей, Мұхаммед! / Олар сенен өздеріне не рұқсат етілгені жайлы сұрайды. Айт:«Сендерге жақсы нәрселер рұқсат етілді әрі Аллаһтың өздеріңе үйреткені бойынша, үйреткендеріңнің аулағаны да. Олардың өздеріңе ұстап бергенінен жендер әрі оған / аңшы ит не құсты салғанда / Аллаһтың есімін атаңдар», - деп айт. Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар, ақиқатында Аллаһ есепте өте жылдам.
Al-Ma'idah 5:4
Loading the recitation…
0:00