يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ كُونُوٓاْ أَنصَارَ ٱللَّهِ كَمَا قَالَ عِيسَى ٱبۡنُ مَرۡيَمَ لِلۡحَوَارِيِّـۧنَ مَنۡ أَنصَارِيٓ إِلَى ٱللَّهِۖ قَالَ ٱلۡحَوَارِيُّونَ نَحۡنُ أَنصَارُ ٱللَّهِۖ فَـَٔامَنَت طَّآئِفَةࣱ مِّنۢ بَنِيٓ إِسۡرَٰٓءِيلَ وَكَفَرَت طَّآئِفَةࣱۖ فَأَيَّدۡنَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ عَلَىٰ عَدُوِّهِمۡ فَأَصۡبَحُواْ ظَٰهِرِينَ ١٤
As-Saff 61:14
سورة الصف
Medinan
Verse: 14/14
Page 552
-
King Fahd Complex
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Әй мүміндер! Алланың (дінінің) көмекшілері болыңдар. Мәрйем ұлы Ғиса (Ғ.С.) ның хауариларға: "Алла жаққа көмекшілерім кім?',- дегенде, хауарилардың: "Аллаға біз көмекшіміз" дегендеріндей. Сонда Израил ұрпақтарының бір тобы иман келтіріп, бір тобы қарсы шықты. Иман келтіргендерді, дұшпандарына қарсы қолдадық. Сондай-ақ олар, дұшпандарына үстем болды. -
Khalifa Altai Association
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي
Ей, иманға келгендер! Мәриям ұлы Исаның хауарилерге: «Менің Аллаһ / жолындағы / жәрдемшілерім кім?» - дегенінде, хауарилердің: «Біз - Аллаһтың жәрдемшілеріміз», -дегендеріндей Аллаһтың / Оның дінінің / жәрдемшілері болыңдар. Сонда, Исраил ұрпақтарының бір бөлігі иманға келді, ал бір бөлігі күпірлік келтірді / қарсы шықты /. Біз иманға келгендерге дұшпандарына қарсы қолдау көрсеттік, сөйтіп олар үстем болды.
As-Saff 61:14
Loading the recitation…
0:00