۞ وَإِذَا مَسَّ ٱلۡإِنسَٰنَ ضُرࣱّ دَعَا رَبَّهُۥ مُنِيبًا إِلَيۡهِ ثُمَّ إِذَا خَوَّلَهُۥ نِعۡمَةࣰ مِّنۡهُ نَسِيَ مَا كَانَ يَدۡعُوٓاْ إِلَيۡهِ مِن قَبۡلُ وَجَعَلَ لِلَّهِ أَندَادࣰا لِّيُضِلَّ عَن سَبِيلِهِۦۚ قُلۡ تَمَتَّعۡ بِكُفۡرِكَ قَلِيلًا إِنَّكَ مِنۡ أَصۡحَٰبِ ٱلنَّارِ ٨
Az-Zumar 39:8
سورة الزمر
Meccan
Verse: 8/75
Page 459
-
King Fahd Complex
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Қашан адам баласына бір таршылық келсе, Раббына жалбарып, Оған бейім ынта байқатады. Сосын қашан Алла оған бір игілік берсе, бұрынғы Оған жалбарғанын ұмытады да жолынан адастыру үшін Аллаға теңдес жасайды. (Мұхаммед Г.С.) оларға: "Қарсылығыңмен біраз мәз бола түр. Сөз жоқ сен тозақтықсың" де. -
Khalifa Altai Association
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي
Адамға бір зиян тисе, ол Раббысына бойсұна жүгініп, / Оны / көмекке шақырады. Содан кейін оған / зиянын кетіріп / Өзінен бір игілік берсе, ол Оны көмекке шақырғанын / жалбарынғанын / ұмытады әрі Аллаһтың жолынан / өзгелерді / адастыру үшін Оған теңдестер таңады. / Ей, Мұхаммед!! Айт: «Біраз уақыт күпірлігіңмен / қарсы келуіңмен / пайдалана тұр. Күмәнсіз, сен - Отқа түсетіндерденсің»,- деп.
Az-Zumar 39:8
Loading the recitation…
0:00