ﯤ
surah.translation
.
من تأليف:
خليفة الطاي
.
ﰡ
ﭷ
ﰀ
Аса қамқор Алла.
ﭹﭺ
ﰁ
Құранды үйретті.
ﭼﭽ
ﰂ
Адамзатты жаратты.
ﭿﮀ
ﰃ
Оған сөйлеуді үйретті.
Күн мен ай есеппен жүреді.
Өсімдік, (жұлдыз), ағаш Оған бас иеді.
Ол, аспанды биіктетіп, оған тең бір өлшеу қойды.
Өлшеуде шектен шықпаңдар.
Сондай-ақ тартуды әділетпен орындаңдар, таразыда кемітпеңдер.
Алла, жерді жәндіктер үшін жасады.
Жерде жемістер және шоқты құрмалар бар.
Онда қабықты ұрық және аңқыған өсімдіктер өседі.
Ендеше, (әй адамзат пен жын!) Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?
Ол, адамзатты құмырадай сыңырлаған құрғақ топырақтан жаратты.
Жындарды оттың жалынынан жаратты.
Ендеше, (әй адамзат пен жын!) Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер.
Ол, (жазғы-қысқы) екі шығыстың Раббы әрі екі күн батыстың Раббы.
Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?
Ағызған екі теңіз қосылады.
Екі арасында бөгет бар. Бір-біріне араласпайды.
Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін жасынға айналдырасыңдар?
Екі теңізден де інжу-маржан шығады.
Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?
Теңізде таулар құсап жүрген кемелер Оған тән.
Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?
Бүкіл жер жүзіндегілер түгейді.
Ұлы дәрежеге ие әрі жомарт Раббыңның дидары мәңгі қалады.
Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?
Көктердегі әрі жердегі әркім Одан сұрайды, Ол, әр күні шұғылдануда.
Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?
Әй екі топ! (Адамзат пен жын.) Есептеріңді көреміз.
Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?
Әй жын мен адамзат тобы! Көктер мен жердің шектерінен өтуге шамаларың келсе, өтіңдер. Өте алмайсыңдар! Бірақ бір қуатпен өте аласындар.
Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?
Сендерге түтінсіз жалын, отсыз түтін жіберіледі. Өздеріңді құтқара алмайсыңдар.
Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?
Көк жарылып, майдай еріп, гүлдей қызарған кезде.
Ендеше Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?
Сонда ол күні, адамзат пен жындар күнәсынан сұралмайды. (Өйткені, Аллаға мәлік.)
Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?
Күнәкарлар кескіндерінен танылады да кекілдері мен аяқтарынан ұсталады.
Ендеше, Раббыларықның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?
Міне осы күнәкарлардың жасынға шығарған тозағы.
Олар тозақ пен қайнар судың арасында айналып жүреді.
Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?
Раббының хұзырына шығудан қорыққан кісіге екі бейіш бар.
Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?
ﭳﭴ
ﰯ
Екеуі де түрлі жемісті.
Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?
Ол екеуінде ағатын екі бұлақ бар.
Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?
Ол екеуінде жемістер пар-парымен.
Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?
Олар астары қалың жібек төсектерге сүйеніп отырады. Екі бақшаның жемістері жақын тұрады.
Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?
Бейіштерде өз ерлеріне телмірген сондай-ақ өздеріне олардан бұрын адамдар да жындар да соқтықпаған жұбайлар бар.
Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?
Ол жұбайлар; яқұт, маржан сияқты.
Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?
Жақсылықтың сыйлығы жақсылық қана.
Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?
Бұл екі бақшадан өзге бақша бар.
Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіқдер?
ﯬ
ﰿ
Екеуі де жап-жасыл.
Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?
Екі бақшада атылып қайнаған екі бастау бар.
Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?
Ол екі бақша да түрлі жемістер және құрма, анар бар.
Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?
Ол ұжмақтарда қөркем мінезді, сұлу жұбайлар бар.
Ендеше Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?
Шатырларда тұратын хұрлар бар.
Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?
Ол хұрларға олардан бұрын адамдар да жындар да жуымаған.
Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?
Бейіштегілер, жасыл дивандарға, көркем төсеніштерге жастанып отырады.
Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?
(Мұхаммед Ғ.С.) Аса ардақты, жомарт Раббыңның аты өте жоғары.