ﯬ
surah.translation
.
من تأليف:
خليفة الطاي
.
ﰡ
(Мұхаммед Р.С.) саған мұнафықтар келген кезде: "Сені, анық Пайғамбар деп айғақ боламыз" деді. Сенің хақ Пайғамбар екеніңді Алла біледі. Сондай-ақ Алла (Т.) расында мұнафықтардың мүлде суайт екендігіне куәлік етеді.
Олар анттарын қалқан етеді де Алланың жолынан тыяды. Күмәнсыз олардың істегендері нендей жаман.
Міне расында олар, иман келтіріп, кейін қарсы келгендіктерінің салдарынан жүректері бітелген Енді олар, түсінбейпі.
(Мұхаммед Ғ.С.) оларды көрген кезде, тұлғалары сені таңырқатады. Олар сөйлесе, сөздерін тыңдайсың. Олар, бейне, қаланған қуыс дөңбек сияқты. Сондай-ақ олар, әрбір шыққан дауысты өздеріне жориды. (Өз қылықтарынан үрейленеді.) Олар дұшпан. Сондыктан олардан сақтан. Оларды Алла типыл қылсын. Қайда адасып, бара жатыр? (Мұнафықтардың бастығы Ғабдолла Үбай ұлы, тағы басқалары зор денелі келбетті де шешен адамдар еді. Келіп, дуарға сүйеніп түрып, әдемілеп сөйлеуші епі. Б.Ж.М.Т.)
(Рауаят бойынша Мұсталық ұлдарымен болған бір қақтығыста, суға таласып, Ғабдолла Үбай ұлы, мүһажірлерді өте ауыр сөздермен қорлайды. Пайғамбарға білініп; оны шақырып алып, сұрағанда, ант-су ішіп, жылмия танады. Өтірігі шыққаннан кейін оған, Пайғамбар (Ғ.С.) дан: "Кешірім сұра, Алладан жарылқау тілесін" десе, қасарысып көнбейді. Б.М.) Егер оларға: "Келіңдер, Алланың Елшісі сендерге жарылқау тілесін" делінсе, олардың бастарын шайқағанын көресің. Олар бет бұрып, текаппарланады.
(Мұхаммед Ғ.С.) олар үшін жарылқау тілесең де тілемесең де бәрі бір. Оларды Алла жарылқамайды. Алла (Т.) бұзақы елді тура жолға салмайды.
Олар: "Алланың Елшісінің жанындагы кісілерге еш нәрсе бермеңдер, олар тарқап кетсін" дейді. Негізінде көктер мен жердің қазынасы Аллаға тән. Бірақ мұнафықтар ұқпайды.
Ол мұнафықтар: "Егер соғыстан қайтып, Мединеге барсақ; ол жерден ардақтылар, інжықтарды әлбетте шығарады" дейді. Негізінде ғиззат Аллаға, Елшісіне әрі Мұсылмандарға тән. Бірақ мұнафықтар білмейді.
Әй мүміндер! Сендерді малдарың, балаларың Алланы еске алудан тоспасын. Әлде кім бұны істесе, міне солар, зиян тартушылар.
Сендерден біреулеріңе өлім келіп: "Раббым! Мені жақын бір мерзімге дейін кешіктірсең де садақа беріп, ізгілерден болсам" деуден бұрын өздеріңе берген несібемізден тиісті орынға жұмсаңдар.
Қашан біреудің ажалы келсе, Алла, оны әсте кешіктірмейді және Алла, істегендеріңді толық біледі.