ﰅ
surah.translation
.
من تأليف:
خليفة الطاي
.
ﰡ
(Мұхаммед Ғ.С әлемді) қаптайтын қияметтің хабары саған келді ме?
Ол күні, кейбір жүздерді қорқу басады.
ﮆﮇ
ﰂ
Қатты қиналған шаршаған болады.
Жанып тұрған отқа тасталады.
Қайнап тұрған бастаудан ішкізіледі.
Олардың ашы,сасық тікенектен басқа ешбір тамағы болмайды.
Ол семіртпейді де аштықты баспайды.
Ол күні,кейбір жүздер шаттықта,
ﮤﮥ
ﰈ
Ғамалдарына разы,
Көтеріңкі баұшада;
Ол арада бір бос сөз естімейді.
Онда аққан бір бұлақ бар.
Онда биік дивандар бар.
ﯙﯚ
ﰍ
Қойылған кіселер бар.
ﯜﯝ
ﰎ
Тізілген жатықтар бар.
ﯟﯠ
ﰏ
) Төселген төсеніштер бар.
Олар,түйеге қарамай ма, қайтып жаратылған?
Олар,аспанға қарамай ма,қайтіп көтерілген?
Олар,тауларға қарамай ма? Қайтіп тігілген?
Олар,жерге қамамай ма,қайтып төселген?
(Мұхаммед Ғ.С) ал енді насихат ет; негізінен сен бір насихатшысың.
Сен оларды зорлаушы емессің.
Бірақ әлде кім бет бұрса,қарсы келсе;
Сонда Алла,оны зор азаппен қинайды.
Расында олардың қайтар жері Біз жақ.
Сосын сөз жоқ. Олардың есебі Бізге тән.