Егер мүміндерден екі топ соғысса, дереу араларын жарастырықдар; мүбада екі жақтын бірі, екіншісіне өктемдік жасаса, бас тартқан жақпен Алланың әміріне қайтқандарына дейін соғысыңдар. Егер қайтса, араларын әділдікпен жарастырыңдар, туралық істеңдер. Расында Алла туралық істеушілерді жақсы көреді.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Егер имандылардан екі топ бір-бірімен соғысса, олардың арасын жарастырыңдар. Егер де біреуі екіншісіне қарсы шектен шықса, онда шектен шыққанымен, олардың Аллаһтың әміріне қайтқанына дейін соғысыңдар. Ал егер қайтса, олардың арасын әділдікпен түзетіңдер және бір жағына тартпаңдар. Ақиқатында, Аллаһ әділдік етушілерді жақсы көреді.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي