(Рауаят бойынша, Мұхаммед Ғ.С. Мединеге көшіп келгенде, Януди Назыр ұлдары, соғыспауға, дұшпанға көмек етпеуге келісім жасайды. Бәдір жеңісінде: "Тәуратта жазылған хақ Пайғамбар осы" дейді. Бірақ, Үхыт соғысынан кейін уәдені бұзып, қырық атты кісімен Меккеге барып, Әбу Сүфянмен Мұсылмандарға қарсы келісім жасайды. Сондықтан Кәғап өлтіріліп, Пайғамбар Ғ.С. бір топ әскермен ауылдарын 21 күн қоршатқаннан кейін, жұрттарынан шығып кетуге келіседі. Көбірегі Шам жаққа, бір бөлімі Хайбарға барып, орналасады. Ж.Б.К.Р.Т.) Ол сондай Алла, Кітап иелерінен қарсы болғандарды алғаш шабуылда жұрттарынан шығарды. Сендер оларды шығады деп, ойламаған едіңдер. Олар бекіністері өздерін Алладан қорғайды деп ойлаган еді. Алайда Алла, оларға, күтпеген жақтан келді; олардың жүректеріне қорқу салды да олар, үйлерін өз қолдарымен әрі Мұсылмандардың қолдарымен талқандауда еді. Әй ақыл иелері! Ғибрат алыңдар.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ол Кітап берілген қауымнан күпірлік еткендерді / келісімді бұзғандарды / алғашқы жинауда жұрттарынан шығарды. Сендер оларды шығып кетеді деп ойлаған да емес едіңдер. Ал, олар қамалдары өздерін Аллаһтан қорғайды деп ойлаған еді. Бірақ, Аллаһ оларға өздері күтпеген жақтан келді және олардың жүректеріне үрей салды. Олар үйлерін өз қолдарымен және иманға келгендердің қолдарымен талқандауда еді. Ғибрат алыңдар, ей, көретін көзі барлар / зерделі жандар / !
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي