Әй мүміндер! Менің дұшпандарымды да өз дұшпандарыңды да дос тұтпаңдар. Олар, сендерге келген шындыққа қарсы келсе де оларға сүйіспеншілік көрсетесіңдер. Олар, Пайғамбарды да сендерді де Раббыларың Аллаға иман келтірдіңдер, деп жұрттан шығарды. Сендер Менің жолымда ризалығымды іздеп, соғысқа шыққанда, оларға жасырын достық істейсіңдер. Мен көрнеу, көмес істегендеріңді де жақсы білемін. Сендерден кім бұны істесе, расында ол тура жолдан адасты. (Балтаға ұлы Хатып, Мединеден Сара атты әйелмен Меккедегі елге: "Меккені алыну әзірлігі көріліп жатыр" деп, хат жолдайды. Бірақ Пайғамбарга Алла білдіргендіктен бірнеше кісі жіберіп, Сарадағы хатты алдырып, Хатыптан сұралғанда: "Бала-шағам Меккеде болғандықтан жаздым" дегеннен кейін Пайғамбар (Ғ.С.) кешірім етеді. Б.Ж.М.К.Т.Х.)
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ей, иманға келгендер! Менің дұшпаным әрі өздеріңнің дұшпандарыңды / имансыздарды / өздеріңе дос тұтпаңдар. Олар сендерге ақиқаттан келгенге күпірлік етсе де / мойындамаса да / , Оларға сүйіспеншілік пейіл білдіресіңдер. Олар Елшіні және сендерді, өздеріңнің Раббың - Аллаһқа сенгендерің үшін қуып шығаруда. Егер сендер Менің жолымда күресу үшін және Менің ризалығымды іздеп шықсаңдар / жауларымды дос тұтпаңдар /. Сендер Оларға сүйіспеншілік пейіл танытып, сыр айтасыңдар. Ал, Мен сендердің нені ашық, нені жасырын істегендеріңді жақсы білемін. Сендерден кім мұны істесе, әлбетте ол тура жолдан адасқан болады.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي