Әй Пайғамбар! Қашан әйелдеріңді талақ қылсаңдар, сонда оларды белгілі мерзімінде ажыратыңдар және о мерзімді есептеңдер. Раббыларың Алладан қорқыңдар. Оларды үйлерінен шығармаңдар әрі олар да шықпасын. Бірақ олар ашық бір арсыздық істесе, ол басқа. Міне бұл Алланың шектері. Ал кім Алланың шектерінен шықса, расында ол, өзіне қастық қылған болады. Білмейсің, мүмкін Алла, бұл уақиғадан кейін бір жағдай пайда қылар. (2-С. 228-234-А.)
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ей, Пайғамбар! Қашан әйелдерді талақ етсеңдер, оларды белгіленген иддаларында / бекітілген күту мерзімінде / талақ етіңдер және идданы / күту мерзімін / есептеңдер. Әрі өздеріңнің Раббың -Аллаһтан / Оның тыйымдарынан / қорқып, сақтаныңдар! Ашық жиіркенішті іс істемесе оларды үйлерден шығарып жібермеңдер және олар өздері де шықпасын. Міне, осы - Аллаһтың / белгілеген / шектері. Кім Аллаһтың шектерінен / тыйымдарынан / аттаса, шын мәнінде, өзіне өзі әділетсіздік етеді. Сен білмейсің, мүмкін Аллаһ осыдан кейін басқа жағдай пайда етер.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي