وَعَلَى ٱلثَّلَٰثَةِ ٱلَّذِينَ خُلِّفُواْ حَتَّىٰٓ إِذَا ضَاقَتۡ عَلَيۡهِمُ ٱلۡأَرۡضُ بِمَا رَحُبَتۡ وَضَاقَتۡ عَلَيۡهِمۡ أَنفُسُهُمۡ وَظَنُّوٓاْ أَن لَّا مَلۡجَأَ مِنَ ٱللَّهِ إِلَّآ إِلَيۡهِ ثُمَّ تَابَ عَلَيۡهِمۡ لِيَتُوبُوٓاْۚ إِنَّ ٱللَّهَ هُوَ ٱلتَّوَّابُ ٱلرَّحِيمُ ١١٨
At-Taubah 9:118
سورة التوبة
Medinan
Verse: 118/129
Page 206
-
King Fahd Complex
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
(Сахабалардан Кәғап, Ћилал және Марара жауқаулық істеп, Тәбүк соғысына бармай қалып, соғыстан қайтып келгенде Пайғамбар (Ғ.С.) ға өкініш білдіріп, кешірім тілейді. Пайғамбар (Ғ.С.) оларға: «Тұра тұрыңдар» дегендіктен олармен адамдар сөйлеспей қойып, елу күннен кейін осы аят түседі. Және 102-106 аяттар да осы уақиғаға байланысты.) Соғыстан қалған үшеуінің де тәубесін қабыл етті. Тіпті оларға жер кең бола тұра тар келген еді. Өздерінен өздері тарылып, Алладан басқа ешбір пана жоқтығын аңғарды. Содан кейін Алла оларға тәубе нәсіп етті. Шынында Ол Алла, тым тәубе қабыл етуші, өте мейірімді. -
Khalifa Altai Association
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي
Әрі / өздеріне қатысты үкім / кейінге қалдырылған үшеудің де / тәубелерін қабыл етті /. Сол кезде оларға жер кең бола тұра тарылып, жандары сығылып,' Аллаһтың Өзінен басқа пана жоқтығына көздері анық жеткен еді. Содан кейін Ол / Аллаһ / олардың істеген күнәларына шынайы өкініп, Өзіне бойсұнуға қайтулары / тәубеге келуі / үшін күнәларынан арылуына алып келді / тәубеге келтірді /. Ақиқатында, Аллаһ - тәубені қабыл етуші, ерекше Мейірімді.
At-Taubah 9:118
Loading the recitation…
0:00