Әй адам баласы! Шүбәсыз сендерді бір ер, бір әйелден (Адам, Хауадан) жараттық. Сондай-ақ бір-біріңді тануларың үшін сендерді ұлттар, рулар қылдық. Шынында Алланың қасында ең ардақтыларың тақуаларың. Шәксіз Алла толық білуші, әр нәрседен хабар алушы.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ей, адамдар! Негізінде, Біз сендерді бір ер және бір әйелден жараттық, әрі сендерді бір-бірлеріңді танып, білулерің үшін халықтар мен рулар етіп жасадық. Анығында, Аллаһтың алдындағы сендердің ең құрметтілерің - тақуаларың / Оған бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанатындарың /. Ақиқатында Аллаһ бәрін Білуші, бәрінен Хабардар.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي