Алла (Т.) көктер мен жердің нұры. Оның нұрының мысалы: Ішінде жарық бар қуыс (немесе қуыста жанған жарық) сияқты. Жарық әйнектің ішінде. Ал әйнек; бейне інжудай бір жұлдыз. Шығыста батыста болмаған берекетгі зәйтін майымен тамызылады. Тіпті от тимей-ақ оның майы жарық бергелі тұр. Нұр үстіне нұр. Алла қалаған кісісін өз нұрына бөлейді. Алла адамдарға өстіп мысал береді. Алла әр нәрсені толық білуші.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Аллаһ - аспандар мен жердің нұры / нұр берушісі /. Оның нұры - / қабырғадағы / қуыста орналасқан шамға ұқсайды. Шам болса әйнектің ішінде, ал әйнек жарық, інжу жұлдыздай. Ол Шығыстан, батыстан ғана емес, / оған күн, күні бойы түсетін / берекелі зәйтүнағашымайынан жағылады. Оның майы от тимесе де лап етіп, жарқ етуге дайын. Нұрдың үстіне нұр. Аллаһ қалаған құлын Өз нұрына қарай жүргізеді. Аллаһ адамдарға / осылай / мысалдар келтіреді. Аллаһ - барлық нәрсені Білуші.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي