Әй мүміндер! Күмәнның көбінен сақтаныңдар. Өйткені, күмәнның кейбірі күнә. Сыр тексермеңдер, біреуді-біреу ғайбаттамасын. Біреулерің өлген туысының етін жеуді жақсы көре ме? Әрине оны жек көресіңдер. Расында Алла тәубені тым қабыл етуші, ерекше мейірімді.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ей, иманға келгендер! Дәлелсіз / жорамал / ойлардың көбінен аулақ болыңдар, өйткені жалаң ойлардың / күмәнның / кейбірі - күнә. Сондай-ақ бір-біріңді аңдымаңдар, әрі бірің өзгелеріңнің сыртынан ғайбаттамасын / ол естіген кезде жақтырмайтын сөз айтпасын /. Сендерден біреу өлген бауырының етін жеуді ұната ма? Әрине, сендер оны жек көресіңдер. Әрі Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар! Ақиқатында, Аллаһ - тәубені Қабыл етуші , ерекше Мейірімді.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي