Алла жолында мал жұмсамайтын сендерге не болды? Негізінен көктер мен жердің мұрагерлігі Аллаға тән. Сендерден Меккенің Алнуынан бұрын Алла жолында мал сарып қылып, соғысқан кісі; одан кейін мал сарып етіп, соғысқан кісімен тең емес. Олар дәреже тұрғысынан ұлкен. Сондай-ақ Алла бәріне де жақсылық уәде етті. Алла істеген ғамалдарыңды толық білуші.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Әрі аспандардың және жердің мирасы Аллаһтікі бола тұрып, Аллаһтың жолында / садақа / бермейтіндей сендерге не болды? Сендерден жеңіске дейін бергендер және соғысқандар / кейінгілермен / бірдей емес. Олардың дәрежесі / жеңістен / кейін берген және соғысқандарғақарағанда үлкенірек. Алайда Аллаһ әрбіріне ең жақсыны / Жәннатты / уәде етті. Аллаһ не істейтіндеріңнен Хабардар.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي