ﯘ
surah.translation
.
من تأليف:
جمعية خليفة الطاي الخيرية
.
ﰡ
ﮀ
ﰀ
Ха. Мим.
ﮂﮃ
ﰁ
Анық Кітаппен ант етемін!
Шын мәнінде Біз оны ақылдарыңды істетіп, ұғынуларың үшін арабша Құран еттік.
Әрі күмәнсіз, ол / Құран / - Біздегі негізгі Кітапта / Ләухул-махфузда /. Ол - өте жоғары, хикметті.
Сендер шектен шығушы ел болғандықтарың үшін сендерден Еске салуды түсірмей,ұстап қаламыз ба?
Әрі Біз алдыңғыларғақаншамапайғамбар жібердік.
Өздеріне пайғамбар келген сайын, олар оны келеке ететін.
Ал, Біз күш-қуатта олардан да мықтыларды жойып жібергенбіз. Әрі бұрынғылардың мысалы өтті.
Ей, Мұхаммед! / Егер олардан / Аллаһқа серік қосушылардан / :«Аспандарды және жерді кім жаратты?» - деп сұрасаң, олар сөзсіз: «Оларды бәрінен Үстем, бәрін Білуші жаратты», - дейді.
Ол сендерге жерді тұрақ етті әрі онда жол табуларың үшін сендерге жолдар белгіледі,
әрі Ол аспаннан суды мөлшермен түсірді. Біз онымен өлі мекенді тірілттік. Сендер де осылайша / қабірлерден / шығарыласыңдар.
Ол барлық түрлерді жаратты және сендерге кемелер мен малдардан өздерің мінетінді жасады,
оларға мінулерің үшін, кейін оның үстіне мініп отырғанда өздеріңнің Раббыңның игілігін еске алып: «Бізге мұныбағынышты еткен Ол / барлық кемшіліктен / пәк, әйтпесе біздің оған шамамыз келмес еді,
әрі біз күмәнсіз, Раббымызға қайтушымыз», - деп айтуларың үшін.
Ал, олар / Аллаһқа серік қосушылар / Оның құлдарынан бір бөлімін / періштелерді / Оның бөлігі етті / Оған таңды /. Негізінде, адам анық күпірлік етуші / берілген игіліктерді анық мойындамаушы /.
Әлде Ол Өзі жаратқандарының ішінен қыздар алып, ал сендерге ұлдар беріп ерекшеледі ме?
Қашан олардың бірі, өздері әр-Рахманға мысал етіп таңғанмен / қызбен / сүйіншіленсе, ішінен тынып, жүзі түнеріп кетеді.
Сәндік бұйымдар, әшекейлер ішінде бой жетіп және айтыс-тартыста анық еместі / телиді / ме?
Әрі олар / мүшріктер / әр-Рахманның құлдары болып табылатын періштелерді әйел затына теңеді. Олар бұлардың жаратылуын көрген бе еді? Олардың куәліктері жазылады және олар бұдан сұралады.
Әрі олар: «Егер де әр-Рахман қалағанда, біз оларға табынбас едік», - деді. Оларда бұл туралы ешбір білім жоқ. Олар тек өтірік айтады.
Немесе Біз оларға бұдан бұрын бір Кітап беріп, олар соны ұстанып келе ме?
Жоқ! Олар: «Біз аталарымызды бір дінде таптық әрі біз олардың іздерімен жүріп келе жатырмыз», -деді.
Ей, Мұхаммед! / Осылай сенен бұрын бір елді мекенге ескертуші жіберсек, ондағы сән-салтанат, рахатқа шалқып жүргендер: «Біз аталарымызды бір дінде таптық әрі біз олардың салған іздерімен жүреміз», - деді.
Ол / пайғамбар / :«Мен сендерге ата-бабаларың ұстанғаннан да тура нәрсені / дінді / әкелсем де ме?» - деді. Олар: «Біз сендермен жіберілгенге әлбетте сенбейміз», - деді.
Сонда Біз оларды жазаға тарттық. Енді, назар сал, жалғанға шығарушылардың соңы немен біткеніне.
Кезінде Ибраһим өзінің әкесі мен еліне: «Шындығында, мен сендердің табынатындарыңа қатысым жоқ / олардан бас тартамын / ,
тек өзімді жаратқанға / құлшылық етем /. Ақиқатында, Ол ғана мені тура жолмен жүргізеді»,- деді.
Әрі бұл сөзді ұрпақтарына, олардың / тура дінгеР127 қайтуы үшін мәңгі қалдырды.
Иә, Мен / Аллаһ / бұларды / мүшріктерді / және олардың ата-бабаларын, өздеріне ақиқат әрі анық Елші келгенге дейін қамтамасыз еттім.
Ал, олар өздеріне ақиқат келген кезде: «Бұл - сиқыр. Біз оған сенбейміз»,- деді.
Әрі олар: «бұл Құран екі қаладан ұлы бір адамға неге түсірілмеген?» - деді.
Раббыңның игілігін солар бөліп бере ме? Оларға осы өмірдегі тіршілік қажеттерін Біз үлестірдік. Әрі бірін-бірі жұмыс істеуге алуы үшін дүниелік дәрежелерде олардың бірін кейбірінен жоғары көтердік. Әрі Раббыңның мейірімі олардың жинағандарынан қайырлы.
Егер де адамдардың бір қауым болып алуы болмағанда, әр-Рахманға күпірлік еткендердің / қарсы келгендердің / үйлерінің шатырлары мен оған көтерілетін сатыларын күмістен жасар едік,
сондай-ақ олардың үйлеріндегі есіктерді де және олар сүйеніп отыратын жұмсақ жиһаздарды да / күмістен жасар едік / ,
әрі әшекейлерді де. Анығында бұлардың барлығы осы өмірдің ғана болмашы нәрсесі. Ал Раббыңның алдындағы соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / тақуаларға / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанғандарға / арналады.
Кімде-кім әр-Рахманның Еске салуынан / Құраннан / теріс бұрылса, Біз оған шайтанды бекітіп қоямыз да ол оған ажырамас серік болады.
Әрі сөзсіз, олар / шайтандар / бұларды тура жолдан қайтарады, ал бұлар өздерін тура жолдамыз деп есептейді.
Ал, қашан Бізге келгенде, ол / серігіне / :«Әттең! Мені мен сенің араң екі шығыстың / батыс пен Шығыстың / қашықтығыңдай болса еді! Қандай жаман серіксің!» - дейді.
Оларға / :«Сендер әділетсіздік істедіңдер, бүгін азапта бірге болуларың сендерге еш пайда бермейді», - делінеді.
Ей, Мұхаммед! / Сен кереңдерге естірте аласың ба немесе соқырларды және анық адасуда болғандарды тура жолға сала аласың ба?
Біз сені алып кетсек те, оларды міндетті түрде жазалаймыз.
Немесе Оларға уәде еткенімізді саған көрсетеміз. әлбетте, Біздің Оларға күшіміз жетеді.
Өзіңе уахи етілгенді ұстан! Ақиқатында, сен тура жолдасың.
Шын мәнінде, бұл / Құран / - саған және сенің қауымыңа еске салу. Әрі сендер жақында сұраласыңдар.
Сен өзіңнен бұрын жіберген елшілерімізден / олардың үмметтерінен / сұра, Біз әр-Рахманнан өзге құлшылық етілетін құдайлар жасадық ба?
Әрі Біз Мұсаны белгі-мұғжизаларымызбен Фиръаунға және оның уәзір, бектеріне жібердік. Ол: «Ақиқатында мен бүкіл әлемдердің Раббысының елшісімін», - деді.
Ол / Мұса / Оларға Біздің белгі-мұғжизаларымызды келтірген кезде, олар оған күлді.
Әрі Біз оларға бір белгі көрсетсек, сөзсіз, ол алдыңғысынан үлкен болды. Сондай-ақ, Біз оларды қайтулары үшін азапқа ұшыраттық.
Сонда олар / фиръаундықтар / :«Ей, сиқыршы! Біз үшін Раббыңа өзіңе берген уәдесі бойынша дұға қыл, біз тура жолға келеміз»,- деді.
Ал, қашан Біз оларды азаптан айықтырған кезімізде, олар / уәделерін / бұзады.
Әрі Фиръаун еліне жар салып: «Ей, елім! Мысырдың билігі әрі мына астымнан ағып жатқан өзендер менікі емес пе? Көрмей тұрсыңдар ма?
Әлде мен мына қадірсіз / қор / және сөзін әрең түсіндіретін біреуден артық емеспін бе?
Әрі неге оған алтыннан білезіктер тағылмаған? Немесе неге онымен періштелер бірге еріп келмеген?» - деді.
Ол елін жеңіл ойлы / байыппен ойламайтын / санады, ал олар оғанбағынды. Өйткені олар бұзық / бойсұнбаушы / ел еді.
Сөйтіп, олар Бізді ашуландырған кезде, оларды жазалап, барлығын суға батырдық.
Әрі оларды / өздері секілді / кейінгілерге / теріс / жол салушы және өзгелер үшін ғибратты мысал еттік.
Ей, Мұхаммед! / Мәриям ұлы мысалға келтірілгенде, сенің елің айқайлап шулай түседі.
Әрі олар: «Біздің құдайларымыз жақсы ма, әлде ол ма?» - дейді. Олар оны сенімен дауласу үшін ғана келтіреді. Негізінде, олар даушыл ел.
Ол - бар болғаны, Біз игілік берген және Исраил ұрпақтарына / ғибратты / мысал еткен құлымыз ғана.
Егер де қалағанымызда, сендерді жерде орындарыңды басатын періштелермен алмастыратын едік.
Оларға айт / :«Ақиқатында ол / Иса / -Сағаттың / Қайта тірілу күнінің / бір белгісі. Оған еш күмәнданбаңдар әрі маған еріңдер. Міне, осы - тура жол.
Әрі шайтан сендерді одан / ақиқатқа еруден / тоспасын. Анығында ол - сендерге анық дұшпан», - деп.
Ал, Иса анық белгі-дәлелдермен келген кезде, ол: «Мен сендерге даналықпен әрі өздерің қайшылыққа түсіп отырған нәрселердің кейбірін сендерге түсіндіру үшін келдім. Ал, енді Аллаһтан / Оның тыйымдарынан / қорқып, сақтаныңдар және мағанбағыныңдар!
Ақиқатында, Аллаһ - менің де Раббым әрі сендердің де Раббың. Сондықтан Оғанқұлшылық етіңдер. Осы - тура жол», - деді.
Алайда діни топтар өзара қайшылыққа түсті. Сондай әділетсіздік еткендерге күйзелтуші Күннің азабынан үлкен қасірет бар!
Олар өздеріне кенеттен, сезбеген күйлерінде келетін Сағаттан / Қайта тірілу күнінен / басқа нәрсені күте ме?
Сол күні тақуалардан / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанғандардан / басқа жақын достар біріне-бірі жау болады.
Аллаһ тақуаларға / :«Ей, Менің құлдарым! Сендерге бүгін қорқыныш жоқ әрі сендер қайғырмайсыңдар», - дейді.
Солар Біздің аяттарымызға сенген және мұсылман болғандар / бойсұнғандар / ,
Оларға / :«Сендер және жақын достарың шаттыққа бөлендірілген күйде Жәннатқа кіріңдер», - делінеді.
Оларға алтыннан жасалған табақтар және кеселер ұсынылады. Ол жерде көңілдер қалайтын және көздер рахаттанатын нәрселер бар. Әрі сендер онда мәңгі қаласыңдар.
Міне, сендерге істеген амалдарың үшін мұра етіліп берілген Жәннат - осы.
Сендерге ол жерде көптеген жемістер бар. Олардан жейсіңдер.
Шын мәнінде, қылмыскерлер Жаһаннам азабында мәңгі қалады.
Оларға / азап / үзіліссіз беріліп әрі олар ол жерде күдер үзген күйде болады.
Біз оларға әділетсіздік істеген жоқпыз, олардың өздері әділетсіз болды.
Олар: «Ей, Мәлик / тозақ сақшысы / !Раббың бізді өлтірсін», - деп дауыстайды. Ол: «Сендер / мәңгілік / қаласыңдар», - дейді.
Біз сендерге ақиқатты әкелдік, бірақ сендердің көбің ақиқатты ұнатпадыңдар.
Олар бір істі бітіруге шешім қабылдады ма? Біз де шешім қабылдадық.
Әлде олар өздерінің жасырын сырларын және құпия әңгімелерін Біз естімейді деп ойлай ма? Олай емес! Біздің елшілеріміз / періштелер / олардың жанында жазып жүреді.
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Егер әр-Рахманның баласы болса, онда мен алғашқылардан болып, құлшылық еткен болар едім», - деп.
Аспандардың және жердің Раббысы, Аршының Раббысы олардың таңған нәрселерінен пәк.
Оларды жайына қалдыр, өздеріне уәде етілген Күніне жолыққандарына дейін бос сөздерге батып, ойнап-күліп жүре тұрсын.
Ол - аспандарда да құдай әрі жерде де құдай. Ол аса Дана, бәрін Білуші.
Аспандар мен жердің және ол екеуінің арасындағылардың билігі Өзінде болған Ол - аса Берекелі. Сағат / Қайта тірілу күні / жайлы білім Оған тән. Әрі сендер Оған қайтарыласыңдар.
Олардың / мүшріктердің / Одан өзге жалбарынатындары ара түсу күшіне / шапағат етуге / ие емес. Тек ақиқатқа куәлік бергендер басқа, олар біледі.
Ал, егер олардан / серік қосушылардан / өздерін кім жаратқанын сұрасаң, олар сөзсіз: «Аллаһ», - дейді. Сонда олар қайда бұрылып барады?!
Әрі ол: «О, Раббым! Негізінде бұлар иманға келмейтін адамдар», - деді.
Ей, Мұхаммед! / Олардан / кең пейілдікпен / бұрылып: «Тыныштық болсын!»- деп айт. Жақында олар білетін болады.