Әй мүміндер, шайтанның басқан іздерін баспаңдар. Кім шайтанның іздеріне ерсе, Күдіксіз ол, ұятсыз-дықты, жамандықты меңзейді. Егер сендерге Алланың игілігі, мейірімі болмаса еді, ешбіреуің әсте ағармайтын едіңдер. Бірақ Алла қалаған құлын ағартады. Алла әр нәрсені естуші, білуші.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ей, иманға келгендер! Шайтанның ізімен жүрмеңдер. Кім шайтанның ізімен жүрсе, ол жиіркенішті іске және қайтарылған / тыйым салынған / нәрселерге бұйырады. Егер де Аллаһтың сендерге деген кеңшілігі мен мейірімі болмағанда, сендерден ешкім де ешқашан тазармаған болар еді. Алайда Аллаһ Өзі қалағанды / Өз кеңшілігімен / тазартады. Аллаһ бәрін Естуші, бәрін Білуші.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي