Сендерден кеңшілік, молшылыққа ие болғандар; жақындарына, міскіндерге, мұһажірлерге Алла жолында бермеуге ант етпесін. Ғапу етіп, кешірсін. Алланың сендерді жарылқауын жақсы көрмейсіңдер ме? Алла аса жарылқаушы, ерекше мейірімді.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Сендердің араларыңдағы жомарт әрі дәулеттілер жақындарына, кедейлерге және Аллаһ жолында қоныс аударғандарға / ешнәрсе / бермеуге ант етпесін. Кешірімді болып, кеңшілік етсін. Сендер Аллаһтың өздеріңді кешіргенін жақсы көрмейсіңдер ме? Аллаһ өте Кешірімді , ерекше Мейірімді.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي