(Мұхаммед Ғ.С.) Мүміндерге айт: (Бөгде әйелдерге қараудан) көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын. Бұл олар үшін өте жақсы. Рас Алла, олардың не істегендерінен хабар алушы.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ей, Мұхаммед!! Иманды ер кісілерге айт, көздерін / өзге әйелдерге, тыйым салынған нәрселерге қараудан қорғап / төмен қаратсын және әуреттерін / жыныс агзаларын шариғат тыйған барлық іс-әрекеттерден / қорғасын. Бұл - олар үшін тазасы. Ақиқатында, Аллаһ олардың не істеп жатқандарынан Хабардар.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي