Әй мүміндер! Меншіктеріңдегі қүл-күңдер, әлі ержетпеген балаларың, осы үш мезгілде (жандарыңа) рұхсат сұрап кірсін: Таң намазының алдында, түсте киімдеріңді шешкен уақытта және ясту намазынан кейін. Сендер үшін осы үшеуі ұялатын мезгіл. Бұлардан кейін (басқа уақытта) сендерге де оларға да айып емес. Өйткені, сендер бір-біріңе кіріп, шығуларыңа керексіңдер. Осылайша Алла, сендерге аяттарын баян етеді. Алла толық білуші, хикмет иесі.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ей, иманға келгендер! Қол астыларыңдағы және сендерден балиғатқа жетпегендер / балаларың / үш уақытта: таң намазынан алдын, түсте киімдеріңді шешетін кездеріңде және құптан намазынан кейін сендерден / алдарыңа кіруге / рұқсат сұрасын. Осы үш / уақыт / сендерге денелерің ашық уақыт. Осыдан басқа / кезде рұқсатсыз кіруде / сендерге де, оларға да күнә жоқ. Сендер олармен бір-біріңе / кіріп-шығып / жүресіңдер. Аллаһ сендерге аяттарды осылай түсіндіреді. Аллаһ - бәрін Білуші, аса Дана.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي