(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Алладан өзге шоқынған нәрселеріңді көрдіңдер ме? Олар жер жүзінде не жаратты, маған көрсетіңдерші. Немесе олардың көктерде ортақтығы бар ма? Егер шыншыл болсаңдар, маған бұдан бұрынғы бір кітап яки ғылми деректер келтіріңдер" де.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Аллаһтан өзге шақырып-жалбарынатындарыңды көрдіңдер ме? Олардың жерден нені / қай бөлігін / жаратқанын маған көрсетіңдерші? Әлде олардың аспандарда / оны жаратуда / үлесі бар ма? Егер айтқандарың шын болса, маған / сөздеріңді растайтын / осыдан / Құраннан / алдын түскен Кітап не бұрын өткен білімінен қалған бір белгі әкеліңдерші», - деп.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي