(Мұхаммед Ғ.С.) соғысқа бармай қалған бәдеуилерге: "Сендер жақында аса күшті бір елге шақырыласыңдар да олармен соғысасыңдар. Немесе олар Мұсылман болады. Егер бұл әмірге бағынсандар, Алла, сендерге жақсы сыйлық береді. Ал егер бұрын бет бұрғандай бет бұрсаңдар, Алла, сендерді күйзелтуші азаппен қинайды" де.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ей, Мұхаммед! / Бәдәуилерден қалдырылғандарға айт: «Сендер жақында бір күшті елге қарсы шақырыласыңдар. Олармен не соғысасыңдар, не олар бойсұнады. Егер сендер / Аллаһтың бұйрығына / бағынсаңдар, Аллаһ сендерге көркем сый береді. Ал, егер бұрын теріс бұрылғандарың сияқты теріс бұрылсаңдар, Ол сендерді күйзелтуші азаппен жазалайды», - деп.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي