Мұхаммед (Ғ.С.) Алланың Елшісі. Онымен бірге болғандар, кәпірлерге қатаңырақ, өзара тым мейірімді. Оларды рұкұғда, сәждеде көресің. Олар Алладан мәрхамет әрі ризалық тілейді. Олардың жүздерінде сәжделердің ізінің дерегі бар. Олардың Тәуратта да сипаттары, Інжілде де сипаттары бар; бұл бас жарып, сосын қуаттанып, жуандап, өз сабағында тік тұрған егін сияқты. Бұл (мысал) егіншілерді таңырқатып, онымен кәпірлерді ызаландыру үшін. Алла, олардан иман келтіріп, ізгі іс істегендерге жарылқау, зор сыйлық уәде етті.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Мұхаммед - Аллаһтың елшісі. Онымен бірге болғандар кәпірлерге қатаң, ал бір-біріне мейірімді. Оларды рукуғ жасаған / намазда иілген / , сәжде еткен, Аллаһтан кеңшілік әрі ризалық іздеген түрде көресің. Олардың белгілері - жүздеріндегі сәжделердің эсері. Олардың Тәураттағы сипаты осындай. Ал, олардың Інжілдегі мысалы - тұқымнан бүршіктеніп шығып, сосын қуаттанып, жуандап, сабағында тік тұрып, егіншілерді сүйсіндіретін егін сияқты. / Бұл / кәпірлерді олармен ызаландыру үшін. Аллаһ олардың ішінен иманға келген әрі ізгі амал жасағандарға кешірім және ұлы сый / жәннат / уәде етті.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي