Расында елшілерімізді ашық мұғжизаларымызбен жібердік. Және елшілермен бірге адам баласының әділ тұруы үшін Ютапты, мизанды (Әр нәрсенің өлшеуін) жібердік. Сондай-ақ темірді пайда қылдық. Онда мықты күш әрі адамзат үшін хажеттер бар. (Соғыс құралдары тағы басқа аспаптар темірден жасалады. Тіпті темірсіз өмір болмайды. Б.Ж.М.Р.К.) Алла онымен дініне, елшілеріне көрмей-ақ көмек еткен кісіні мәлім етеді. Сөзсіз Алла, өте күшті, тым үстем.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Біз елшілерімізді анық дәлелдермен жібердік әрі олармен бірге Кітапты және адамдардың туралықта тұрулары үшін Таразыны / Әділдікті / түсірдік. Әрі темірді Біз түсірдік, онда адамдар үшін үлкен қауіп және пайдалар бар. Ал, бұл - Аллаһ Өзіне / дініне / және елшілеріне көрмей тұрып-ақ көмектескендерді айқындауы үшін. Ақиқатында, Аллаһ өте Күшті, бәрінен Үстем.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي