(Мұхаммед Ғ.С.) олардан: “Көктер мен жердің Рабы кім?”, - деп сұра да: “Алла!”, - деп жауап бер. “Алланы қойып, тіпті өздеріне де пайда, зиян келтіре алмайтындарды ие қылып алдыңдар ма?”, - де. “Көрмейтін мен көретін немесе жарық пен қараңғылықтар тең бе?”, - де. Я болмаса, олар; Аллаға, Оның жаратқанындай жарататын; жаратулары, Алланың жаратуына ұқсас ортақтар қоса ма? (Оларға) айт: “Әр нәрсені жаратушы Алла. Ол жалғыз, аса өктем”
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Аспандардың және жердің Раббысы кім?» деп. Айт: «Аллаһ!» деп. Айт: «Сендер өздеріне не пайда, не зиян келтіре алмайтын біреулерді, Одан өзге қамқоршылар етіп алдыңдар ма?» деп. Айт: «Соқыр мен көруші тең бе немесе қараңғылықтар мен жарық тең бе? Я болмаса, олар Аллаһқа, Оның жаратқанындай жарататын, жаратулары Аллаһтың жаратуына ұқсас келетін ортақтар қоса ма?» деп. Айт: «Аллаһ барлық нәрсенің Жаратушысы. Әрі Ол Жалғыз, Біреу , бәрін Бағындырушы / ».
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي