Мүмін әйелдерге де айт: "(Бөгде ерлерден) көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын. Сондай-ақ зейнеттерін көрсетпесін. Бірақ олардың өзіндігінен көрінгендері басқа. (Беті, қол-аяқтары. Ж.Б.М.К.) Және бүркеншіктерін омырауларына түсірсін. Зейнеттерін керсетпесін. Бірақ: Ерлеріне, әкелеріне, қайын аталарына, өз ұлдарына, өгей ұлдарына, аға-бауырларына, олардың ұлдарына, әпеке-сіңлілерінің ұлдарына, Мұсылман әйелдерге, қолдарындағы күңдеріне, әйел керек қылмайтын қызметшілерге немесе әйелдердің ұятты жерлерін білмейтін балаларға көрсетулеріне болады. Және де көмескі зейнеттерін басқаларға білдіру үшін аяқтарын ұрып жүрмесін. Әй мүміндер, түгел Аллаға тәубе қылыңдар! Әрине құтыларсыңдар.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Әрі иманды әйелдерге айт, көздерін / өзге еркектерге, тыйым салынған нәрселерге қараудан тыйып, / төмен қаратсын, жыныс ағзаларын қорғасын және көрініп тұрғаннан / сыртқы киімдерінен / басқа көріктерін көрсетпесін. Жаулықтарын көкіректеріне түсіріп жапсын және көріктерін көрсетпесін. Тек, күйеулерінің, әкелерінің, күйеулерінің әкелерінің, ұлдарының, күйеулерінің ұлдарының, бір туған аға-інілерінің әрі олардың ұлдарының, бір туған әпке-сіңлілерінің ұлдарының, өздерінің әйелдерінің, қоластындағылардың / күңдердің / , еркектік күш-қалаудан айрылған қызметшілерге, әйелдердің әуреттерін аңғармайтын кішкентай балалардың алдында / толық етіп жамылмай-ақ / жүрсе болады. Жасырған көрік-зейнеттері білінуі үшін аяқтарын тырсылдатпасын. Ей, иманға келгендер! мұраттарыңа жетулерің үшін барлығың істеген күнәларыңа шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтыңдар / тәубеге келіңдер /.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي