Алла сендерден иман келтіріп, ізгі іс істегендерге; өздерінен бүрынғы өткендердей жер жүзіне мұрагер қылуды уәде етті. Сондай-ақ олар үшін өзі разы болған дінін нығайтып, хауіп-қатерден кейін бейбітшілікке айналдырады. Олар, Маған құлшылық қылады. Маған еш нәрсені шерік қоспайды. Кім бұдан кейін қарсы келсе, міне солар, бұзақылар.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Аллаһ сендерден иманға келген және ізгі амал істегендерді - олардан бұрын өткендерді жер бетінде басқарушы еткені секілді, оларды да жер бетінде басқарушы ететінін әрі олар үшін Өзі құптаған дінді нығайтатынынжәне қорқыныштарын қауіпсіздікпен алмастыратынын уәде етті. «Олар Маған құлшылық етеді және Маған еш нәрсені серік етіп қоспайды. Ал кім осыдан кейін күпірлік етсе / қарсы келсе / , міне солар - бұзықтар / бойсұнбаушылар / ».
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي