Әй адам баласы! Раббыларыңнан қорқыңдар және ешбір әке; баласы тарапынан бодау төлемейтін сондай-ақ ешбір бала да; әкесі тарапынан түк бермейтін күннен де қорқыңдар. Күдіксіз Алланың уәдесі хақ. Сондықтан сендерді дүние тіршілігі әсте алдамасын. Сондай-ақ өте алдаушы ол, (шайтан да) Алла турасында алдамасын.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ей, адамдар! Өздеріңнің Раббыңнан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар / тақуалық етіңдер / әрі ешбір әке баласы үшін өтем бере алмайтын және ешбір бала әкесі үшін өтем бере алмайтын Күннен қорқындар. Күдіксіз, Аллаһтың уәдесі ақиқат. Сондықтан осы өмір сендерді алдамасын / дүние қызықтарына алданып қалмаңдар / , әрі алдаушы / шайтан / сендерді Аллаһқа қатысты алдап қоймасын.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي