(Мұхаммед Ғ.С.): "Алладан басқа табынған ортақтарыңды көрдіңдер ме? Маған көрсетіңдерші. Олар, жер жүзінде не жаратты? Немесе олардың көктерде бір одақтығы бар ма? Не Біз оларға кітап беріп, олар бір дәлел үстінде ме? Жоқ олай емес. Залымдар бірін-бірі алдауды ғана уәде етеді" де.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Аллаһтан өзге жалбарынатын, өздерің серік етіп қосқандарың жайлы ойлайсыңдар ма? Маған олардың жерден нені жаратқанын көрсетіңдерші?» - деп. Әлде олардың аспандарда / оларды жаратуда / үлесі бар ма? Әлде Біз оларға бір Кітап беріп, олардың одан анық дәлелі бар ма? Жоқ! Негізінде, әділетсіздер бір-біріне жалғанды ғана уәде етеді.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي