Сондай қарсы келгендер, иман келтіргендер үшін: "Егер (бұл дінде) игілік болса еді, олар бізден озбас еді. (Алдымен біз Мұсылман болар едік.)" деді. Онымен де тура жол таппағандықтан: "Бұл көне бір өтірік" деседі.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Әрі сондай күпірлік етушілер / Құранды теріске шығарушылар / иманға келгендер жайлы: «Егер де ол / Құран / жақсылық болғанда, онда олар оған / сенуде / бізден озбас / оны алдын біз қабылдар едік / еді», - деді. Өздері онымен тура жол таппағандықтан: «Бұл ежелгі өтірік», - дейді.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي