Ал енді әлде кім, әке-шешесіне: "Тұһ! Екеуін де мені қайта тірілтіп, шығумен қорқытасыңдар ма? Расында менен бұрын қаншалаған нәсілдер өтіп кетті. (Олар тірілмеді)" деді. Әке-шешесі Аллаға жалбарынып: "Саған нендей өкініш! Иман келтір. Күдіксіз Алланың уәдесі хақ" дегенде, ол: "Бұл, бұрынғылардың ғана ертегісі" деді.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ал енді біреу ата-анасына: «Түһ, сендерден! Сен екеуің мені, / қабірден / шығарылуыммен қорқытпақшысыңдар ма? Менен бұрын қанша ұрпақ өтіп кетті», дейді. Ол екеуі Аллаһтан жәрдем тілеп: «Әй, сорың бар болғыр! Иманға кел! Сөзсіз, Аллаһтың уәдесі - хақ», - дегенде, ол: «Бұл -бұрынғылардың аңыз әңгімелері ғана», - дейді.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي