Расында көктер мен жердің әкімшілігі Аллаға тән екенін білмедің бе? Кімді қаласа жазалайды да, кімді қаласа жарылқайды. Әрі Алланың әр нәрсеге күші жетуші.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Аспандардың және жердің билігі Аллаһтікі екенін білмедің бе? Ол қалағанын азаптап, қалағанын кешіреді. Әрі Аллаһ - барлық нәрсені Жасай алушы.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي