Күдіксіз Тәуратты түсірдік, онда тура жол және нұр бар. Аллаға бой ұсынған пайғамбарлар, Яһудилерге онымен үкім етер еді. Және Алланың Кітабын қорғауға міндеттендірілген ғибадатшыл ұстаздары мен ғалымдар да, онымен үкім етер еді. Олар оған куәгер еді. Ендеше адамдардан қорықпаңдар да, Менен қорқыңдар және аяттарымды аз бір ақшаға сатпаңдар! Кім Алланың түсіргенімен үкім етпесе, міне солар қарсы болушылар.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ақиқатында, Біз Тәуратты түсірдік. Онда тура жол және нұр бар. Аллаһқа бойсұнған / Мұсылман / пайғамбарлар иудейлерге онымен үкім етеді. Сондай-ақ, Аллаһтың Кітабынан өздеріне сақтау міндеті жүктелген иудейлердің ғибадатшыл ұстаздары мен дін ғалымдары да / Аллаһтың Кітабы бойынша үкім айтты / әрі олар оған / Кітаптың ақиқатына / куә болды. Сендер адамдардан қорықпаңдар, Менен қорқыңдар және аяттарымның орнына аз бағаны / бұл дүниелікті / сатып алмандар! Кім Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, міне солар - кәпірлер.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي