Бұрыннан Мединеде қоныстанған иман иелеріне де (беріледі.) Олар өздеріне босып келгендерді жақсы көріп, оларға берілген нәрселерге көңілдерінде кірбеңдік болмайды. Сондай-ақ өздерінде таршылық бола тұра оларды өздерінен артық көреді. Әлде біреу сараңдықтан сақсынса, солар құтылушылар.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ал, олардан алдын / Мәдинада / үй-жайы болып әрі иманда орныққандар / ансарлар / , өздеріне қоныс аударғандарды / муһажирлерді / жақсы көреді, кеуделерінде оларға берілген нәрселерге ешқандай қажеттілік, кірбіңдік сезбейді. Әрі өздерінде мұқтаждық болса да, оларды өздерінен артық көреді. Кім өзінің сараңдығынан сақталған болса, міне, солар - табысқа жетушілер.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي