Сол уақытта Мәрйем ұлы Ғиса (Ғ.С.): "Әй Израил ұрпақтары! Шын мәнінде мен, сендерге Алланың Елшісімін, алдымдағы Тәуратты растаушы және менен кейін келетін "Ахмед" атты пайғамбарменен шүйіншілеймін" деген еді. Бірақ олар (ол, айтылған) Пайғамбар, оларға ашық дәлелдермен келген кезде: "Бұл ашық жады" деді.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Әрі кезінде Мәриям ұлы Иса: «Ей, Исраил ұрпақтары! Шын мәнінде, мен сендерге өзімнен алдын келген Тәураттағыны растаушы және менен кейін келетін Ахмад есімді Елші жөнінде сүйінші хабар жеткізуші ретінде / жіберілген / Аллаһтың елшісімін», -деген еді. Ол Оларға анық дәлелдермен келген кезде, олар: «Бұл анық сиқыр», - деді.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي