Surah Al-Ma'arij in Қазақша
سورة المعارج · Verses: 44 · Meccan
Translation: Қазақша translation 1 (الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد)
-
1
سَأَلَ سَآئِلُۢ بِعَذَابࣲ وَاقِعࣲ
Бір сұраушы, болатын бір азапты сұрады. (8-С. 32-А.) -
2
لِّلۡكَٰفِرِينَ لَيۡسَ لَهُۥ دَافِعࣱ
Кәпірлер үшін; оны кетіруші жоқ. -
3
مِّنَ ٱللَّهِ ذِي ٱلۡمَعَارِجِ
Ол азап биік дәреже иесі Алладан. -
4
تَعۡرُجُ ٱلۡمَلَٰٓئِكَةُ وَٱلرُّوحُ إِلَيۡهِ فِي يَوۡمࣲ كَانَ مِقۡدَارُهُۥ خَمۡسِينَ أَلۡفَ سَنَةࣲ
Ол жоғаргы орынға періштелер және Жебрейіл (Ғ.С.) мөлшері елу мың жылдық бір күнде шығады. -
5
فَٱصۡبِرۡ صَبۡرࣰا جَمِيلًا
(Мұхаммед Ғ.С.) енді көркем сабырмен сабыр ет. -
6
إِنَّهُمۡ يَرَوۡنَهُۥ بَعِيدࣰا
Олар қияметті ұзақ көреді. -
7
وَنَرَىٰهُ قَرِيبࣰا
Біз жақын көреміз. -
8
يَوۡمَ تَكُونُ ٱلسَّمَآءُ كَٱلۡمُهۡلِ
Ол күні, аспан еріген кен сияқты болады. -
9
وَتَكُونُ ٱلۡجِبَالُ كَٱلۡعِهۡنِ
Таулар, түтілген жүндей болады. -
10
وَلَا يَسۡـَٔلُ حَمِيمٌ حَمِيمࣰا
Дос, достың халін сұрамайды. -
11
يُبَصَّرُونَهُمۡۚ يَوَدُّ ٱلۡمُجۡرِمُ لَوۡ يَفۡتَدِي مِنۡ عَذَابِ يَوۡمِئِذِۭ بِبَنِيهِ
Олар бір-біріне көрсетіледі. Қылмысты, сол күні, ұлдарын ол күннің азабынан (қорқып) төлеуге бергісі келеді; -
12
وَصَٰحِبَتِهِۦ وَأَخِيهِ
Әйелін де туысын да; -
13
وَفَصِيلَتِهِ ٱلَّتِي تُـٔۡوِيهِ
Сондай-ақ өзін мәпелеген елін де. -
14
وَمَن فِي ٱلۡأَرۡضِ جَمِيعࣰا ثُمَّ يُنجِيهِ
Тіпті біртұтас жер жүзіндегі адамдарды беріп, сонан соң өзін құтқарғысы келеді. -
15
كَلَّآۖ إِنَّهَا لَظَىٰ
Әсте олай болмайды! Шын мәнінде ол тозақ, жалындаған от: -
16
نَزَّاعَةࣰ لِّلشَّوَىٰ
Теріні сояды; -
17
تَدۡعُواْ مَنۡ أَدۡبَرَ وَتَوَلَّىٰ
Ол теріс айналып, бет бұрғанды шақырады. -
18
وَجَمَعَ فَأَوۡعَىٰٓ
Дәулет жинап сақтаған (сараң) ды шақырады. -
19
۞ إِنَّ ٱلۡإِنسَٰنَ خُلِقَ هَلُوعًا
Шын мәнінде адам баласы сабырсыз жаратылған. -
20
إِذَا مَسَّهُ ٱلشَّرُّ جَزُوعࣰا
Басына бір бейнет жетсе, тым төзімсіз. -
21
وَإِذَا مَسَّهُ ٱلۡخَيۡرُ مَنُوعًا
Қашан қолына дәулет түссе, өте сараң. -
22
إِلَّا ٱلۡمُصَلِّينَ
Бірақ намаз оқушылар басқа. -
23
ٱلَّذِينَ هُمۡ عَلَىٰ صَلَاتِهِمۡ دَآئِمُونَ
Олар сондай намаздарын ұдайы орындайды. -
24
وَٱلَّذِينَ فِيٓ أَمۡوَٰلِهِمۡ حَقࣱّ مَّعۡلُومࣱ
Сондай олардың малдарында белгілі хақ бар: -
25
لِّلسَّآئِلِ وَٱلۡمَحۡرُومِ
Сұрағанға да сұрамағанға да. (51-С. 19-А.) -
26
وَٱلَّذِينَ يُصَدِّقُونَ بِيَوۡمِ ٱلدِّينِ
Тағы сондай қиямет күнін растағандар. -
27
وَٱلَّذِينَ هُم مِّنۡ عَذَابِ رَبِّهِم مُّشۡفِقُونَ
Сондай-ақ олар, Раббыларының азабынан қорқушылар. -
28
إِنَّ عَذَابَ رَبِّهِمۡ غَيۡرُ مَأۡمُونࣲ
Шын мәнінде Раббының азабы аман қалатын нәрсе емес. -
29
وَٱلَّذِينَ هُمۡ لِفُرُوجِهِمۡ حَٰفِظُونَ
Сондай ұятты жерлерін сақтағандар. -
30
إِلَّا عَلَىٰٓ أَزۡوَٰجِهِمۡ أَوۡ مَا مَلَكَتۡ أَيۡمَٰنُهُمۡ فَإِنَّهُمۡ غَيۡرُ مَلُومِينَ
Бірақ өз әйелдері немесе қолдарындағы күңдері басқа. Расында оларға сөгіс жоқ. -
31
فَمَنِ ٱبۡتَغَىٰ وَرَآءَ ذَٰلِكَ فَأُوْلَٰٓئِكَ هُمُ ٱلۡعَادُونَ
Ал сонда кім бұлардан басқаны іздесе, міне сонда олар шектен шығушылар. -
32
وَٱلَّذِينَ هُمۡ لِأَمَٰنَٰتِهِمۡ وَعَهۡدِهِمۡ رَٰعُونَ
Тағы олар сондай аманаттарын, уәделерін сақтаушылар. -
33
وَٱلَّذِينَ هُم بِشَهَٰدَٰتِهِمۡ قَآئِمُونَ
Және олар, куәліктерінде бекем тұрушылар. -
34
وَٱلَّذِينَ هُمۡ عَلَىٰ صَلَاتِهِمۡ يُحَافِظُونَ
Әрі сондай олар намаздарына ұқыптылық істегендер. -
35
أُوْلَٰٓئِكَ فِي جَنَّٰتࣲ مُّكۡرَمُونَ
Міне солар бейіштерде құрметке бөленетіндер. -
36
فَمَالِ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ قِبَلَكَ مُهۡطِعِينَ
(Мұхаммед Ғ.С.) ал енді сен жаққа мойындарын созып, жүгірген кәпірлерге не болды? -
37
عَنِ ٱلۡيَمِينِ وَعَنِ ٱلشِّمَالِ عِزِينَ
Оңнан, солдан топ-топ болып; -
38
أَيَطۡمَعُ كُلُّ ٱمۡرِيࣲٕ مِّنۡهُمۡ أَن يُدۡخَلَ جَنَّةَ نَعِيمࣲ
Олардың әрбірі нығметті ұжмаққа кіруді үміт ете ме? -
39
كَلَّآۖ إِنَّا خَلَقۡنَٰهُم مِّمَّا يَعۡلَمُونَ
Әсте олай емес! Расында Біз оларды өздері білген нәрседен (бір тамшы нәжіс судан) жараттық. -
40
فَلَآ أُقۡسِمُ بِرَبِّ ٱلۡمَشَٰرِقِ وَٱلۡمَغَٰرِبِ إِنَّا لَقَٰدِرُونَ
Енді шығыстардың батыстардың Раббына серт! Шын мәнінде әр нәрсеге күшіміз жетеді. -
41
عَلَىٰٓ أَن نُّبَدِّلَ خَيۡرࣰا مِّنۡهُمۡ وَمَا نَحۡنُ بِمَسۡبُوقِينَ
Олардың орнына олардан жақсыны ауыстыра аламыз. Сондай-ақ ешкім Бізден оза алмайды. -
42
فَذَرۡهُمۡ يَخُوضُواْ وَيَلۡعَبُواْ حَتَّىٰ يُلَٰقُواْ يَوۡمَهُمُ ٱلَّذِي يُوعَدُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.) ендеше оларды қойып қой; оларға уәде етілген күнге дейін сүңгіп ойнай тұрсын. -
43
يَوۡمَ يَخۡرُجُونَ مِنَ ٱلۡأَجۡدَاثِ سِرَاعࣰا كَأَنَّهُمۡ إِلَىٰ نُصُبࣲ يُوفِضُونَ
Сол күнде олар қабырларынан тез шығып, тігулі көмбеге жүгіргендей жүгіреді. -
44
خَٰشِعَةً أَبۡصَٰرُهُمۡ تَرۡهَقُهُمۡ ذِلَّةࣱۚ ذَٰلِكَ ٱلۡيَوۡمُ ٱلَّذِي كَانُواْ يُوعَدُونَ
Олардың көздері төмен қарап, өздерін қорлық басады. Міне осы, оларға уәде етілген күн.