Surah An-Naba' in Қазақша
سورة النبأ · Verses: 40 · Meccan
Translation: Қазақша translation 1 (الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد)
-
1
عَمَّ يَتَسَآءَلُونَ
Олар не нәрседен сұрасады? -
2
عَنِ ٱلنَّبَإِ ٱلۡعَظِيمِ
Зор уақиғадан. -
3
ٱلَّذِي هُمۡ فِيهِ مُخۡتَلِفُونَ
Олар, ол жөнде таласуда. -
4
كَلَّا سَيَعۡلَمُونَ
Әсте олай емес, олар тез біледі. -
5
ثُمَّ كَلَّا سَيَعۡلَمُونَ
Тағы олай емес, олар тез біледі. -
6
أَلَمۡ نَجۡعَلِ ٱلۡأَرۡضَ مِهَٰدࣰا
Жерді бір төсеніш қылмадық па? -
7
وَٱلۡجِبَالَ أَوۡتَادࣰا
Тауларды қазық... (77-С. 27-А.) -
8
وَخَلَقۡنَٰكُمۡ أَزۡوَٰجࣰا
Сендерді жүп-жүп жараттық. -
9
وَجَعَلۡنَا نَوۡمَكُمۡ سُبَاتࣰا
Ұйқыларыңды дем алыс қылдық. -
10
وَجَعَلۡنَا ٱلَّيۡلَ لِبَاسࣰا
Түнді жамылғы қылдық. -
11
وَجَعَلۡنَا ٱلنَّهَارَ مَعَاشࣰا
Күндізді тіршілікке жараттық. -
12
وَبَنَيۡنَا فَوۡقَكُمۡ سَبۡعࣰا شِدَادࣰا
Үстеріңе жеті қат берік көк құрдық. -
13
وَجَعَلۡنَا سِرَاجࣰا وَهَّاجࣰا
Жарқыраған шырақ (күн) жараттық. -
14
وَأَنزَلۡنَا مِنَ ٱلۡمُعۡصِرَٰتِ مَآءࣰ ثَجَّاجࣰا
Сығылысқан бұлттардан мол жаңбыр жаудырдық. -
15
لِّنُخۡرِجَ بِهِۦ حَبࣰّا وَنَبَاتࣰا
Онымен дәнді дахылдарды, өсімдіктерді шығару үшін; -
16
وَجَنَّٰتٍ أَلۡفَافًا
Және ну бақшалар... -
17
إِنَّ يَوۡمَ ٱلۡفَصۡلِ كَانَ مِيقَٰتࣰا
Расында билік күні, белгілі болған бір мерзім. -
18
يَوۡمَ يُنفَخُ فِي ٱلصُّورِ فَتَأۡتُونَ أَفۡوَاجࣰا
ұрілген күні, топ-топ келесіңдер. -
19
وَفُتِحَتِ ٱلسَّمَآءُ فَكَانَتۡ أَبۡوَٰبࣰا
Көктер сетінеп есіктер пайда болады. -
20
وَسُيِّرَتِ ٱلۡجِبَالُ فَكَانَتۡ سَرَابًا
Таулар жүргізіліп, сағым болады. -
21
إِنَّ جَهَنَّمَ كَانَتۡ مِرۡصَادࣰا
Әлбетте тозақ күтіп тұрады; -
22
لِّلطَّٰغِينَ مَـَٔابࣰا
Азғындардың барар жері. -
23
لَّٰبِثِينَ فِيهَآ أَحۡقَابࣰا
Олар онда ғасырларша тұрады. -
24
لَّا يَذُوقُونَ فِيهَا بَرۡدࣰا وَلَا شَرَابًا
Олар онда салқындамайды да сусын татпайды. -
25
إِلَّا حَمِيمࣰا وَغَسَّاقࣰا
Бірақ қайнап тұрған су және ірің ішеді. -
26
جَزَآءࣰ وِفَاقًا
Қылмыстарына сай бір жаза. -
27
إِنَّهُمۡ كَانُواْ لَا يَرۡجُونَ حِسَابࣰا
Өйткені олар, есепке тартылуды ойламаған еді. -
28
وَكَذَّبُواْ بِـَٔايَٰتِنَا كِذَّابࣰا
Аяттарымызды мүлде жасынға шығарған еді. -
29
وَكُلَّ شَيۡءٍ أَحۡصَيۡنَٰهُ كِتَٰبࣰا
Әр нәрсені жазып, сақтадық. -
30
فَذُوقُواْ فَلَن نَّزِيدَكُمۡ إِلَّا عَذَابًا
"Енді татыңдар; ал енді сендерге азаптан басқа еш нәрсе таттырмаймыз" (делінеді.) -
31
إِنَّ لِلۡمُتَّقِينَ مَفَازًا
Негізінде тақуалар үшін құтылу бар. -
32
حَدَآئِقَ وَأَعۡنَٰبࣰا
Бақшалар, жүзімдер бар. -
33
وَكَوَاعِبَ أَتۡرَابࣰا
Жас өспірім құрдас қыздар бар. (38-С. 52-А., 56-С. 37-А.) -
34
وَكَأۡسࣰا دِهَاقࣰا
Толып, тасыған кәсе бар. -
35
لَّا يَسۡمَعُونَ فِيهَا لَغۡوࣰا وَلَا كِذَّٰبࣰا
Олар онда бос сөз және өтірік естімейді; -
36
جَزَآءࣰ مِّن رَّبِّكَ عَطَآءً حِسَابࣰا
Раббыңнан толық бір сыйлық. -
37
رَّبِّ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِ وَمَا بَيۡنَهُمَا ٱلرَّحۡمَٰنِۖ لَا يَمۡلِكُونَ مِنۡهُ خِطَابࣰا
Көктер мен жердің әрі арасындағылардың Раббы; аса есіркеуші, Оған ешкім тіл қата алмайды. -
38
يَوۡمَ يَقُومُ ٱلرُّوحُ وَٱلۡمَلَٰٓئِكَةُ صَفࣰّاۖ لَّا يَتَكَلَّمُونَ إِلَّا مَنۡ أَذِنَ لَهُ ٱلرَّحۡمَٰنُ وَقَالَ صَوَابࣰا
Ол күні Жебрейіл (Ғ.С.) және періштелер, тізіліп тұрады. Алланың рұхсатынсыз ешкім сөйлемейді әрі дұрысын ғана сөйлейді. -
39
ذَٰلِكَ ٱلۡيَوۡمُ ٱلۡحَقُّۖ فَمَن شَآءَ ٱتَّخَذَ إِلَىٰ رَبِّهِۦ مَـَٔابًا
Сол күн хақ. Ендеше кім қаласа, Раббына барар жол тұтсын. -
40
إِنَّآ أَنذَرۡنَٰكُمۡ عَذَابࣰا قَرِيبࣰا يَوۡمَ يَنظُرُ ٱلۡمَرۡءُ مَا قَدَّمَتۡ يَدَاهُ وَيَقُولُ ٱلۡكَافِرُ يَٰلَيۡتَنِي كُنتُ تُرَٰبَۢا
Негізінде жақын бір азапты ескерттік. Ол күні алдын ала не істегеніне қарайды. Кәпір: "Әттең! Топырақ болып кеткен болсам" дейді.