سورة الحجر

الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي

ترجمة معاني سورة الحجر باللغة الكازاخية من كتاب الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي

جمعية خليفة الطاي الخيرية

الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي

جمعية خليفة الطاي الخيرية

آية رقم 1
Әлиф, Ләм, Ра. Бұл Кітаптың және анық Құранның аяттары.
آية رقم 2
Сондай күпірлік еткендер / иманға келмегендер / өздерінің мұсылман болғанын қалайтын болады.
آية رقم 3
Ей, Мұхаммед! / Оларды жайына қалдыр. Жесін, рахаттансын, үміттері алдандыра тұрсын. Олар жақында біледі.
آية رقم 4
Біз ешбір елді мекенді, мерзімін алдын ала белгілемей тұрып жоймадық.
آية رقم 5
Бірде бір ел белгіленген мерзімінен оза алмайды және оны кейінге қалдыра алмайды.
آية رقم 6
Олар / мүшріктер / :«Әй, өзіне Еске салу / Құран / түсірілген! Негізінде, сені жын соққан.
آية رقم 7
Егер шын сөзділерден болсаң, бізге періштелерді әкелмейсің бе?» деді.
Біз періштелерді ақиқатпен ғана түсіреміз. Сонда оларға / имансыздарға / мұрсат берілмейді.
آية رقم 9
Ақиқатында, бұл Еске салуды / Құранды / Біз түсірдік әрі міндетті түрде оны Өзіміз сақтап-қорғаушымыз.
آية رقم 10
Ей, Мұхаммед! / Біз сенен алдын, әуелгі өткен топтарға да / елшілер / жібергенбіз.
آية رقم 11
Әрі өздеріне қандай да бір Елші кел­се, олар / өткен қауымдар / сөзсіз оны келеке етті.
آية رقم 12
Біз қылмыскерлердің жүректеріне оны / имансыздықты / , міне, осылай ендіреміз.
آية رقم 13
Олар оған / Елшіге / сенбейді. Әрі олар­дан бұрынғылардың да басынан осындай жағдай өткен еді.
Егер Біз оларға аспаннан есік ашып, олар одан жоғары көтерілсе де,
آية رقم 15
олар: «Біздің көздеріміз байланған. Тіпті, Біз сиқырланған адамдармыз», деп айтар еді.
آية رقم 16
Біз аспанда жұлдыздар / аспан денелерін / жасап, қарайтындар үшін оны көріктендірдік.
آية رقم 17
Әрі оны / аспанды / әрбір қуылған шайтаннан қорғадық.
آية رقم 18
Ал, кім ұрланып тыңдаса, оны анық бір жалындаған аспан денесі қуады.
және жерді жайып, оған берік тұрғандарды / тауларды / тастадық / орнаттың /. Әрі онда өлшемі белгілеген әрбір нәрсені өсірдік.
آية رقم 20
Әрі онда / жерде / сендер үшін және сендер қоректендірмейтіндер үшін күн көріс негіздерін / тіршілік қажеттерін! жасадық.
Қазыналары Бізде болмаған бірде-бір нәрсе жоқ және Біз оны белгілі мөлшермен ғана түсіреміз.
Әрі Біз желдерді тозаңдандырушы / құнарландырушы / етіп жібердік. Аспаннан су түсіріп, онымен сендерді қамтамасыз еттік. Ал, оны сақтаушы сендер емессіңдер.
آية رقم 23
Ақиқатында, Біз тірілтеміз және өлтіреміз әрі / барлығыжойылғанда / Біз / ие болып / қалушымыз.
آية رقم 24
Біз сендерден бұрын өткендерді де білдік әрі кейінгілерді де білдік.
آية رقم 25
Ей, Мұхаммед! / Шын мәнінде, Раббың, оларды жинайды. Ол аса Дана, бәрін Білуші.
آية رقم 26
Біз адамды қара балшықтың өзгертіліп, кепкенінен жараттық.
آية رقم 27
Ал, жынды / адамнан / алдын, қызуы қатты / түтінсіз / оттан жараттық.
Раббың періштелерге: «Мен қара балшықтың өзгертіліп, кепкенінен адам жаратамын.
Оны / тұла бойын жасап, / тіктегеннен кейін, оған Өзімдегі / иелігімдегі / рухтан үрлеген кезде, сәжде етіңдер», деді.
آية رقم 30
Сонда періштелердің барлығы түгелдей сәжде жасады.
آية رقم 31
Тек Ібіліс қана сәжде етушілермен бірге болудан бас тартты.
آية رقم 32
Аса ұлы Аллаһ / :«Ей, Ібіліс! Сәжде етушілермен бірге болмайтындай саған не болды?» деді.
Ібіліс / \ «Сен қара балшықтың өзгертіліп, кепкенінен жаратқан адамға сәжде етуіме болмайды», деді.
آية رقم 34
Аса ұлы Аллаһ / :«Ол жерден шық, сен енді қуылдың.
آية رقم 35
Саған Есеп күніне дейін лағнет бар», деді.
آية رقم 36
Ібіліс / :«Раббым! Маған, олар қайта тірілетін күнге дейін мерзімімді ұзарт», -деді.
آية رقم 37
Аса ұлы Аллаһ / :«Анығында, сен мерзімі ұзартылғандардансың.
آية رقم 38
Уақыты белгілі күнге дейін», деді.
Ібіліс / '. «Раббым, мені адастырғаның үшін оларға жерде / бойсұнбаушылықты / көрікті етіп көрсетемін және олардың барлығын адастырамын.
آية رقم 40
Бірақ, олардың ішіндегі тазарған құлдарыңды ғана адастыра алмаймын», деді.
آية رقم 41
Аса ұлы Аллаһ / :«Осы тура жол - Менде.
Ақиқатында, Менің құлдарыма / Маған шынайы құл болғандарға / олардың үстінен сенде билік жоқ. Тек адасқандардан, сондай саған ергендерге ғана / бар / »,- деді.
آية رقم 43
Ақиқатында, олардың барлығына уәде етілген орын - Жаһаннам (Тозақ).
آية رقم 44
Оның жеті қақпасы бар. Әрбір қақпада олардан бөлінген бір бөлігі болады.
آية رقم 45
Ал, тақуалар / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушылар / Жәннат бақтары мен бұлақтарында!
آية رقم 46
Оларға / :«Оған бейбіт түрде, амандықпен кіріңдер», - / делінеді /.
Біз олардың көкіректеріндегі реніш, қарсылықты алып тастаймыз. Олар өзара бауыр болып, жайлы орындарда, жүзбе-жүз қарап отырады.
آية رقم 48
Оларға ол жерде шаршау тимейді әрі олар ол жерден шығарылмайды.
آية رقم 49
Ей, Мұхаммед! / Құлдарыма Менің өте Кешірімді, ерекше Мейірімді екенімді хабарла,
آية رقم 50
әрі шын мәнінде, Менің азабымның да өте күйзелтуші азап екенін.
آية رقم 51
Оларға Ибраһимнің қонақтары жайлы хабар бер.
Сол кезде олар оған кіріп: «Сәләм» / Амандық болсын / , деген еді. / Ибраһим / :«Анығында, біз сендерден қорқып тұрмыз»,- деді.
آية رقم 53
Періштелер / :«Қорықпа! Ақиқатында, Біз сені білімді бір ұлменен сүйіншілейміз»,- деді.
آية رقم 54
Ибраһим / :«Сендер мені, маған кәрілік жеткенде сүйіншілеп тұрсыңдар ма?! Немен сүйіншілемексіңдер?»- деді.
آية رقم 55
Олар / \ «Біз сені ақиқатпен сүйіншіледік. Үміт үзушілерден болма!»- деді.
آية رقم 56
Ибраһим / '. «Раббысының мейірімінен адасқандардан өзге кім үмітін үзеді?» -деді.
آية رقم 57
Ол / :«Ей, елшілер! Қандай жұмыспен жіберілдіңіз?» -деді.
آية رقم 58
Олар / \ «Анығында, Біз қылмыскер елге жіберілдік,
آية رقم 59
Лұттың үй-ішінен өзгелерге. Ақиқатында, Біз олардың / үй-ішінің / бәрін құтқарамыз,
آية رقم 60
тек оның әйелінен басқа»- / деді /. Біз оның қалуын үкім еттік.
آية رقم 61
Елшілер Лұттың үйіне келген кезде,
آية رقم 62
ол: «Сендер бейтаныс жандар екенсіңдер», -деді.
آية رقم 63
Періштелер / '. «Негізінде, біз саған олар / елің / күмән келтірген нәрсемен келдік.
آية رقم 64
Әрі біз саған ақиқатпен келдік және біз шын сөздіміз.
Түннің бір бөлігінде үй-ішіңді алып шық та өзің олардың соңынан жүр. Сендерден ешкім бұрылып қарамасын. Өздеріңе бұйырылған жаққа қарай жүріңдер», - деді.
Әрі Біз оған осы істі олардың соңы таң уақытында кесілетінін / жойылатынын / білдірдік
آية رقم 67
Ал, қала халқы мәз болып жетіп келді.
آية رقم 68
Лұт / :«Анығында, бұлар менің қонақтарым. Мені масқара қылмаңдар.
آية رقم 69
Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар /. Мені қорламаңдар», -деді.
آية رقم 70
Олар / :«Біз сені әлемдерден / бөгде адамдардан / тыймап па едік?»- деді.
آية رقم 71
Лұт / :«Егер сендер бұл тірлікті жасайтын болсаңдар / қажет болса / , мыналар - қыздарым», - деді.
آية رقم 72
Ей, Мұхаммед!! Сенің өміріңмен ант етемін! Негізінде, олар / құмарлыққа / мас болып / естерінен айрылып / , лағып жүр.
آية رقم 73
Сонда күн шыға бастағанда оларды сайха (азап, айқай-шу,қатты дауыс деген мағналарды қамтиды, яғни бір ащы дауыстан олар өлді) алды.
آية رقم 74
Біз оның / ол мекеннің / үстін астына келтірдік және олардың үстіне күйдірілген кесектен тас жаудырдық.
آية رقم 75
Күмәнсіз, көре алатындар үшін Мұнда белгі-ғибраттар бар.
آية رقم 76
Анығында, ол / ел / белгілі жолдың бойында еді.
آية رقم 77
Әлбетте, Мұнда имандылар / мүміндер / үшін белгі-ғибраттар бар.
آية رقم 78
Әрі шын мәнінде, Әйке елінің тұрғындары да әділетсіз болды.
آية رقم 79
Сондықтан Біз оларды жазаладық. Бұл екі қала да белгілі бір жолдың бойында орналасқан еді.
آية رقم 80
Сондай-ақ Хижр тұрғындары (Салих пайғамбардың қауымы) да елшілерді өтірікші санады.
آية رقم 81
Біз оларға белгілерімізді келтірдік. Бірақ олар одан теріс бұрылды.
آية رقم 82
Олар амандықта / жүріп / , таулардан үйлер қашайтын.
آية رقم 83
Сонда оларды таң уақытында сайха (азап, айқай-шу,қатты дауыс деген мағналарды қамтиды, яғни бір ащы дауыстан олар өлді) тұтты.
آية رقم 84
Сөйтіп, оларға / дүниеде / тапқандары пайда бермеді.
Біз аспандарды және жерді әрі ол екеуінің арасындағыларын ақиқатпен ғана жараттық. Шын мәнінде, Сағат / қиямет / сөзсіз келеді. / Ей, Мұхаммед! / Сондықтан сен көркем сыңай байқат.
آية رقم 86
Ақиқатында, Раббың Жаратушы, бәрін Білуші.
آية رقم 87
Ей, Мұхаммед! / Біз саған / Құрандағы / қайталанатындардан жетеуін және ұлы Құранды бердік.
Біз адамдардың кейбіріне берген нәрселерімізге көзіңді салма. Әрі олар үшін қайғырма. Ал, имандыларға / мүміндерге / қанатыңды игін.
آية رقم 89
Әрі: «Ақиқатында, мен тек анық етіп түсіндіретін ескертушімін», - де.
آية رقم 90
Серт бергендерге / азап / түсіргеніміз секілді,
آية رقم 91
Құранды бөліктерге ажыратқандарға да / азап түсіреміз /.
آية رقم 92
Раббыңмен ант етемін! Біз олардың барлығын сұраққа тартамыз,
آية رقم 93
не істегендері жайында.
آية رقم 94
Ей, Мұхаммед! / Өзіңе бұйырылғанды ашық жарияла және Аллаһпен қатар өзгеге табынушылардан / мүшріктерден / теріс бұрыл.
آية رقم 95
Ақиқатында, Біз сені келеке етушілерден құтқардық,
сондай, өзге біреуді Аллаһпен қатар құдай етіп алатындардан. Жақында олар біледі.
آية رقم 97
Олардың айтып жатқандарынан сенің көкірегіңнің сығылатынын білеміз.
آية رقم 98
Раббыңды / барлық кемшіліктен / пәк деп мақтаумен дәріпте әрі сәжде жасаушылардан бол.
آية رقم 99
Өзіңе айқын нәрсе / өлім / келгенге дейін Раббыңа құлшылық ет!
تقدم القراءة