ترجمة معاني سورة الشورى باللغة الكازاخية من كتاب الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي
جمعية خليفة الطاي الخيرية
آية رقم 1
ﭑ
ﭒ
Ха. Мим.
آية رقم 2
ﭓ
ﭔ
Ъайн, син, қаф.
آية رقم 3
Ей, Мұхаммед! Бәрінен Үстем, аса Дана Аллаһ саған және сенен бұрын болғандарға / пайғамбарларға / осылай уахи етеді.
آية رقم 4
Аспандардағы және жердегі барлық нәрселер - Онікі. Әрі Ол өте Жоғары, аса Ұлы.
آية رقم 5
Аспандар / бір-бірінің / үсті жағынан жарылып / бөлшектеніп / кете жаздайды. Ал, періштелер өздерінің Раббысына мақтау айтып, / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріптейді және жердегілер үшін кешірім тілейді. Біліндер! Ақиқатында, Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді.
آية رقم 6
Ей, Мұхаммед! / Одан өзгені қамқоршылар етіп алғандарды Аллаһ бақылаушы, ал сен олар үшін жауапкер емессің.
آية رقم 7
Әрі осылай саған елді мекендердің анасын / «Уммул-Қура» / және оны айнала орналасқандарды насихаттауың үшін арабша Құранды уахи еттік. Әрі болуында күмән жоқ, Жиналу / Қайта тірілу / күні жайлы ескертуің үшін. Бір топ Жәннатта, ал бір топ Саъирда (Тозақта) / болады /.
آية رقم 8
Ал, егер де Аллаһ қалағанда, оларды бір үммет етер еді. Бірақ Ол Өзі қалағанды мейіріміне бөлейді. Ал, әділетсіздерге ешбір қамқоршы да, көмектесуші де болмайды.
آية رقم 9
Әлде олар Одан өзгені қамқоршылар етіп алды ма? Аллаһтың Өзі - әл-Уәли / анық Қамқоршы /. Ол өлілерді тірілтеді әрі Ол барлық нәрсені Жасай алушы.
آية رقم 10
Сендер қайшылыққа түсіп, тартысқан нәрсенің шешімі Аллаһта. / Ей, Мұхаммед! / :«Міне, осы Аллаһ - менің Раббым. Мен Оған ісімді тапсырдым / тәуекел еттім / , әрі әрдайым Оған бойсұнып, жүгінем» - де.
آية رقم 11
Аспандардың және жердің Жаратушысы! Ол сендер үшін өздеріңнен жұптар жасады. Әрі малдардан да жұптар жасады. Ол сендерді осылай көбейтеді. Оған ұқсайтын ешбір нәрсе жоқ. Ол бәрін Естуші , бәрін Көруші.
آية رقم 12
Аспандардың және жердің кілттері Оның иелігінде. Ол қалағанына ризықты кеңітеді не шектеп қояды. Ол барлық нәрсені Білуші.
آية رقم 13
Ол сендерге діндерінде Нұхқа бұйырғанын әрі / ей, Мұхаммед! / саған уахи еткенімізді және Ибраһимге, Мұса мен Исағабұйырғанымызды: «Дінді толық орындаңдар және онда / дінде / бөлінбеңдер», - деп бекітті. Сенің шақырған нәрсең серік қосушыларға ауыр тиді. Аллаһ оған / дініне / Өзі қалағанды таңдайды әрі Өзіне бойсұнуға қайтушыны тура жолмен жүргізеді.
آية رقم 14
Олар өздеріне білім келгеннен кейін ғана өзара қызғаныштан бір-біріне іштарлықпен әділетсіздік етіп, жікке бөлінді. Егер де Раббыңнан белгіленген мерзімге дейінгі берілген Сөз болмағанда, олардың арасына үкім берілер еді. Ал, олардан кейін Кітапқа мұрагер етілгендер бұған қатысты қатты күмәнда.
آية رقم 15
Ей, Мұхаммед! / Міне, сен осыған шақыр да өзіңе бұйырылғандай туралықта бол. Олардың көңілқұмарлықтарына ерме және айт: «Мен Аллаһ түсірген кітаптарға сендім. Әрі сендердің араларыңа әділ болуға бұйырылдым. Аллаһ біздің Раббымыз әрі сендердің де Раббың. Бізге өзіміздің амалдарымыз, ал сендерге өздеріңнің амалдарың. Біз бен сендердің арамызда тартысқа негіз жоқ. Аллаһ бәрімізді жинайды. Баратын жер - Оның алды», - деп.
آية رقم 16
Ал, Аллаһ жайында, Оған / Аллаһқа / жауап берілгеннен / адамдар дінді қабылдағаннан / кейін де тартысатындардың уәждері Раббысының алдында негізсіз. Оларға - / Аллаһтың / қаһары әрі оларға ауыр азап бар.
آية رقم 17
Аллаһ Кітапты ақиқатпен түсірді және Таразыны. Әрі қайдан білесің, бәлкім Сағат / Қайта тірілу күні / жақын болар.
آية رقم 18
Оған / Қайта тірілу күніне / сенбейтіндер оның болуын асықтырады. Ал иманға келгендер, одан қорқынышқа түседі және оның ақиқат екенін біледі. Біліндер! Сағат / Қайта тірілу күні / жөнінде сөз таластыратындар, анығында ұзақ адасуда.
آية رقم 19
Аллаһ құлдарына мейірбан, бәрін толық Білуші. Ол қалағанына ризық береді. Әрі Ол өте Күшті, аса Үстем.
آية رقم 20
Кім соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / жемісін қалайтын болса, оған өнімін арттырамыз. Ал, кім осы өмірдің жемісін қаласа, оған одан береміз, алайда ол үшін соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / ешбір үлес болмайды.
آية رقم 21
Әлде оларға дінде Аллаһ рұқсат етпегенді олар үшін заң етіп бекітетін серіктері / құдайлары / бар ма? Егер де шешуші Сөз болмағанда, олардың арасына үкім етілер еді. Шын мәнінде, әділетсіздер үшін күйзелтуші азап бар.
آية رقم 22
Ей, Мұхаммед! / Сен әділетсіздердің / Қайта тірілу күні! өздерінің істеп тапқандарынан зәресі ұшып, қорыққанын көресің, әрі ол / амалдарының жазасы / оларға болады. Ал, иманға келген және ізгі амал істегендер жәннаттардың бақтарында болады. Оларға Раббысының алдында қалағандары бар. Міне, осы - үлкен кеңшілік.
آية رقم 23
Бұл - Аллаһтың иманға келген және ізгі амал істеген құлдарына сүйінші хабары. I Ей, Мұхаммед! / Айт: «Сендерден бұл үшін ақы сұрамаймын, тек туысқандық жақсы көруді ғана болмаса», деп. Кім бір жақсылық істесе, Біз оған ондағы жақсылығын көбейтеміз. Ақиқатында, Аллаһ өте Кешірімді, бойсұнушы құлдарының аз амалына мол сауап беруші.
آية رقم 24
Олар әлде: «Ол Аллаһ жайында ойынан өтірік шығарды»,- дей ме? Егер Аллаһ қалағанда, жүрегінді мөрлеп қоятын еді. Аллаһ жалғанды өшіреді және ақиқатты Өзінің сөздерімен бекітіп, жүзеге асырады. Ақиқатында, Ол - көкіректегіні жақсы Білуші.
آية رقم 25
Ол / Аллаһ / сондай, құлдарының істеген күнәларына шынайы өкініп, Өзіне бойсұнуға қайтуын / тәубесін / қабыл етеді және жамандықтарын кешіреді әрі Ол сендердің не істейтіндеріңді біледі.
آية رقم 26
Әрі Ол иманға келген және ізгі амал істегендерге жауап береді / тілектерін қабылдайды / және оларға Өз кеңшілігінен арттырып береді. Ал, кәпірлерге қатты азап бар.
آية رقم 27
Егер де Аллаһ құлдарына ризық-несібені жайып қойса, олар жер бетінде
шектен шығар еді. Алайда Ол Өзі қалаған мөлшермен түсіреді. Анығында, Ол -
құлдарынан Хабардар, оларды Көруші.
шектен шығар еді. Алайда Ол Өзі қалаған мөлшермен түсіреді. Анығында, Ол -
құлдарынан Хабардар, оларды Көруші.
آية رقم 28
Әрі Ол олар үмітсіздікке түскеннен кейін жаңбыр түсіреді және Өз мейірімін
жаяды. Ол — анық Қамқоршы, Ие, аса Мақтаулы.
жаяды. Ол — анық Қамқоршы, Ие, аса Мақтаулы.
آية رقم 29
Аспандардың және жердің жаратылуы әрі Оның оларда әрбір жандыны таратуы Оның белгілерінен Әрі Ол қалаған кезінде оларды жинап алуға Құдіреті жетуші.
آية رقم 30
Ал, сендерге келген қайғы, қиыншылық қолдарыңның істегендері себебінен әрі Ол көбін кешіріп жібереді.
آية رقم 31
Сендер жер бетінде / Аллаһты / әлсірете алмайсыңдар. Әрі сендерге Аллаһтан өзге қамқоршы да, көмек беруші де жоқ.
آية رقم 32
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖ
ﭗ
Теңізде таулар секілді жүзушілер / кемелер / - Оның белгілерінен.
آية رقم 33
Ол қаласа, желді тыныштандырып, олар оның / теңіздің / үстінде қозғалыссыз қалады. Анығында, мұнда әрбір әрдайым сабыр, шүкір етушіге / Раббысының берген игіліктеріне әрдайым алғыс білдірушіге / белгілер бар.
آية رقم 34
Немесе оларды істеген күнәлары үшін жойып жібереді, әрі Ол көбін кешіріп жібереді.
آية رقم 35
Біздің аят-белгілеріміз жайында сөз тартысатындар өздеріне құтылар жер жоқ екенін білсін.
آية رقم 36
Сендерге берілген барлық нәрсе осы өмірде ғана пайдаланылатын уақытша заттар. Ал Аллаһтағы нәрселер–иманға келген және өздерінің Раббысына жүгініп, Оған істерін тапсыратындар / тәуекел ететіндер / үшін қайырлы әрі тұрақты.
آية رقم 37
Солар - үлкен күнәлар мен жиіркенішті істерден өздерін алыс ұстайтын және ашуланған кездерінде кешіретіндер,
آية رقم 38
әрі солар - өздерінің Раббысына жауап беретін, намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орындайтын, істерінде өзара кеңесетін және Біз өздеріне ризық етіп нәсіп еткеннен беретіндер,
آية رقم 39
ﮥﮦﮧﮨﮩﮪ
ﮫ
және солар, өздеріне әділетсіздік етілсе, жауап қайтаратындар.
آية رقم 40
Жамандықтың қайтарымы - дәл өзіндей ғана жамандық. Ал кім кешірсе және түзетсе, оның сыйы - Аллаһта. Ақиқатында, Ол әділетсіздерді жақсы көрмейді.
آية رقم 41
Ал, кім өзіне әділетсіздік етілгеннен кейін есесін қайтарса, оларға қарсы жол жоқ.
آية رقم 42
Адамдарға әділетсіздік ететіндер және жер жүзінде ешбір хақысы болмаса да шектен шығатындар ғана айыпқа лайықты. Оларға күйзелтуші азап бар.
آية رقم 43
Ал, кім сабыр сақтаса және кешірім етсе, ақиқатында бұл - қатты көңіл бөлетін / жігерлілік танытатын / істердің бірі.
آية رقم 44
Аллаһ кімді адастырса, бұдан кейін оған ешбір қамқоршы жоқ. / Ей, Мұхаммед! / Сен әділетсіздердің / Есеп күні / азапты көрген кездерінде: «Қайтуға жол бар ма?» - деп айтатындарын көресің.
آية رقم 45
Әрі сен олардың оған / тозаққа / келтірілгенінде, қорлықтан төменшіктеп, көздерін жасыра / ұрлана / қарағанын көресің. Сонда иманға келгендер: «Анығында, зиян шегушілер - олар Қайта тірілу күні өздерін және үй ішін зиянға ұшыратқандар», - дейді. Біліңдер! Шын мәнінде әділетсіздер тұрақты / мәңгі / азапта болады.
آية رقم 46
Әрі олар да Аллаһтан басқа өздеріне көмектесетін қамқоршылар болмайды. Аллаһ кімді адастырса, ол үшін ешбір жол жоқ.
آية رقم 47
Аллаһ тарапынан кері қайтарылмайтын бір күн келуден бұрын өздеріңнің Раббыңа жауап беріңдер / бойсұныңдар /. Ол күні сендерге паналайтын ешбір орын болмайды әрі сендерде / күнәларыңды / мойындамай теріске шығару да болмайды.
آية رقم 48
Ей, Мұхаммед! / Егер олар теріс бұрылса, Біз сені оларға күзетші етіп жіберген жоқпыз. Сенің міндетің жеткізу ғана. Қашан Біз адамға Өз тарапымыздан бір жақсылық берсек, ол бұған қуанады. Ал, егер қолдарымен жасаған / күнәлі / істері үшін бастарына бір жамандық келсе, адам / берілген / игіліктерді мойындамай, жоққа шығарады.
آية رقم 49
Аспандардың және жердің билігі - Аллаһта. Ол қалаған нәрсесін жаратады. Кімге қаласа қыздарды сыйлайды әрі кімге қаласа ұлдарды сыйлайды.
آية رقم 50
Немесе оларға ұлдар мен қыздарды қосып береді, ал қалағанын бедеу / перзентсіз / етеді. Ақиқатында, Ол бәрін Білуші , барлық нәрсені, қалағаны Жасай алушы.
آية رقم 51
Аллаһ тек уахи арқылы не тосық артынан болмаса, ешбір адаммен сөйлеспейді. Не Ол бір елші / періште / жіберіп, ол / періште / Оның бұйрығымен Оның қалағанына уахи етеді. Ақиқатында, Ол өте Жоғары, аса Дана.
آية رقم 52
Ей, Мұхаммед! / Біз осылай етіп саған Өз әмірімізден бір Рухты / Құранды / * уахи еттік. Сен / ол кезде / Кітаптың да, иманның да не екенін білмейтін едің. Алайда, Біз оны / Құранды / құлдарымыздан қалағандарымызды тура жолмен жүргізетін нұр еттік. Әрі шын мәнінде, сен, тура жолға бастайсың,
آية رقم 53
аспандардағы және жердегілер Өзінікі болған Аллаһтың жолына! Біліңдер, / барлық / істер Аллаһқа қайтады.
تقدم القراءة