ترجمة معاني سورة النازعات باللغة الكازاخية من كتاب الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي
جمعية خليفة الطاي الخيرية
آية رقم 1
ﮢﮣ
ﮤ
Қатты тартып, суырып алушылармен,
آية رقم 2
ﮥﮦ
ﮧ
жеңіл етіп шығарып алушылармен,
آية رقم 3
ﮨﮩ
ﮪ
және жылдам жүзушілермен,
آية رقم 4
ﮫﮬ
ﮭ
солай, екпінді озушылармен,
آية رقم 5
ﮮﮯ
ﮰ
бұйрықты орындаушылармен ант етемін!
آية رقم 6
ﮱﯓﯔ
ﯕ
Ол күні сілкінуші сілкінеді,
آية رقم 7
ﯖﯗ
ﯘ
оған артынан келесісі жалғасады.
آية رقم 8
ﯙﯚﯛ
ﯜ
Ол күні жүректер тітірейді,
آية رقم 9
ﯝﯞ
ﯟ
көздер қорлана бағынып, төмен қарайды.
آية رقم 10
ﯠﯡﯢﯣﯤ
ﯥ
Олар / сенбеушілер / :«Біз артқа қайтарыламыз ба?
آية رقم 11
ﯦﯧﯨﯩ
ﯪ
Егер біз үгітілген сүйекке айналсақ та ма?» - дейді.
آية رقم 12
ﯫﯬﯭﯮﯯ
ﯰ
Олар: «Ендеше, ол тиімсіз бір қайту екен», - дейді.
آية رقم 13
ﯱﯲﯳﯴ
ﯵ
Ақиқатында, ол - бар болғаны бір ғана қатты дауыс.
آية رقم 14
ﯶﯷﯸ
ﯹ
Сонда олар жер бетінде / тіріліп / тұрады.
آية رقم 15
ﯺﯻﯼﯽ
ﯾ
Саған Мұсаның хабары келді ме?
آية رقم 16
ﯿﰀﰁﰂﰃﰄ
ﰅ
Кезінде қасиетті Тууа алқабында оған Раббысы үндеді:
آية رقم 17
ﭑﭒﭓﭔﭕ
ﭖ
«Фиръаунға бар, өйткені ол шектен шықты.
آية رقم 18
ﭗﭘﭙﭚﭛﭜ
ﭝ
Әрі оған айт: «Сен тазаруды қалайсың ба?
آية رقم 19
ﭞﭟﭠﭡ
ﭢ
Саған Раббыңа / апаратын / жолды көрсетейін. Сонда сен / Оның жазасынан / қорқатын боласың», - / деп /.
آية رقم 20
ﭣﭤﭥ
ﭦ
Сөйтіп оған үлкен бір белгі-мұғжизаны көрсетті,
آية رقم 21
ﭧﭨ
ﭩ
бірақ / Фиръаун / оны өтірікке шығарды және қарсы шықты.
آية رقم 22
ﭪﭫﭬ
ﭭ
Содан кейін ол теріс айналып, әрекетке кірісті.
آية رقم 23
ﭮﭯ
ﭰ
Әрі / халқын / жинап, жар салды:
آية رقم 24
ﭱﭲﭳﭴ
ﭵ
«Мен сендердің ең жоғарғы иелеріңмін», - деп.
آية رقم 25
ﭶﭷﭸﭹﭺ
ﭻ
Сондықтан Аллаһ, оны соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / және осы өмір азабымен жазалады.
آية رقم 26
ﭼﭽﭾﭿﮀﮁ
ﮂ
Күмәнсіз, мұнда қорқатындар үшін бір ғибрат бар.
آية رقم 27
Жаратуда / сендерді жарату қиын ба, әлде аспанды ма? Ол оны құрды,
آية رقم 28
ﮋﮌﮍ
ﮎ
оның төбесін көтеріп, оны теңестірді,
آية رقم 29
ﮏﮐﮑﮒ
ﮓ
және оның түнін қараңғы етіп, / күндіз / жарығын шығарды.
آية رقم 30
ﮔﮕﮖﮗ
ﮘ
Әрі одан кейін жерді жайды.
آية رقم 31
ﮙﮚﮛﮜ
ﮝ
Одан / жерден / оның суы мен жайылымдарын шығарды,
آية رقم 32
ﮞﮟ
ﮠ
және тауларды бекітіп орнықтырды,-
آية رقم 33
ﮡﮢﮣ
ﮤ
сендердің пайдалануларың әрі малдарың үшін.
آية رقم 34
ﮥﮦﮧﮨ
ﮩ
Ал, өте үлкен бір қасірет келген кезде,
آية رقم 35
ﮪﮫﮬﮭﮮ
ﮯ
сол күні адам не нәрсеге талпынғанын есіне алады,
آية رقم 36
ﮰﮱﯓﯔ
ﯕ
және көрушілерге Жахим анық көрсетіледі.
آية رقم 37
ﯖﯗﯘ
ﯙ
Сонда кім шектен шыққан болса,
آية رقم 38
ﯚﯛﯜ
ﯝ
әрі бұл өмірді артық көрген болса,
آية رقم 39
ﯞﯟﯠﯡ
ﯢ
онда күмәнсіз, оның баратын орны - Жахим (Тозақ).
آية رقم 40
Ал, кім Раббысының алдына тұрудан қорқып, өзін құмарлықтан қайтарса,
آية رقم 41
ﯭﯮﯯﯰ
ﯱ
онда күмәнсіз, оның баратын орны - жәннат.
آية رقم 42
ﯲﯳﯴﯵﯶ
ﯷ
Ей, Мұхаммед! / Олар сенен Сағат / Қиямет / туралы: «Ол қашан болады?», - деп сұрайды.
آية رقم 43
ﯸﯹﯺﯻ
ﯼ
Ол туралы сен не айта аласың?
آية رقم 44
ﯽﯾﯿ
ﰀ
Оның / ол жайлы толық мағлұматтың / шегі Раббыңда,
آية رقم 45
ﰁﰂﰃﰄﰅ
ﰆ
сен тек одан / Есеп күнінен / қорыққандарды ғана ескерте аласың.
آية رقم 46
Олар оны / қияметті / көрген күні, / дүниеде / бір кеш немесе бір сәске уақыты тұрғандай болады.
تقدم القراءة