ترجمة معاني سورة الصافات باللغة الكازاخية من كتاب الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي
جمعية خليفة الطاي الخيرية
آية رقم 1
ﭑﭒ
ﭓ
Ант етемін! Сап түзеп тұратындармен,
آية رقم 2
ﭔﭕ
ﭖ
және айдаған айдаушылармен,
آية رقم 3
ﭗﭘ
ﭙ
және Еске салушыны / Құранды / оқитындармен.
آية رقم 4
ﭚﭛﭜ
ﭝ
Ақиқатында, сендердің құдайларың әл-Уахид / Бір, жалғыз /.
آية رقم 5
Ол - аспандар мен жердің және екеуінің арасында болғандардың Раббысы, әрі шығыстардың Раббысы.
آية رقم 6
ﭦﭧﭨﭩﭪﭫ
ﭬ
Біз төменгі аспанды аспан денелерімен / жұлдыз, ғаламшарлармен / көріктендірдік,
آية رقم 7
ﭭﭮﭯﭰﭱ
ﭲ
және оны барлық бойсұнбаушы шайтаннан сақтадық.
آية رقم 8
Олар жоғарыдағы топты тыңдай алмайды, сөйтіп олар жан-жақтан атқыланып,
آية رقم 9
ﭽﭾﭿﮀﮁ
ﮂ
қуылады. Әрі оларға тұрақты азап бар.
آية رقم 10
Ал, кім / тыңдап / іліп алса, оның соңына отты ұшқын түседі.
آية رقم 11
Ей, Мұхаммед! / Олардан сұра, оларды жарату қиын ба, әлде Біздің жаратқандарымызды ма? Анығында, Біз оларды жабысқақ лайдан жараттық.
آية رقم 12
ﮙﮚﮛ
ﮜ
Негізінде, сен таңғалдың, ал олар / айтқандарыңды / келеке етеді.
آية رقم 13
ﮝﮞﮟﮠ
ﮡ
Әрі қашан естеріне салынса, олар естеріне алмайды,
آية رقم 14
ﮢﮣﮤﮥ
ﮦ
ал, егер бір белгіні көрсе, мазақ етеді.
آية رقم 15
ﮧﮨﮩﮪﮫﮬ
ﮭ
Олар: «Бұл ап-анық сиқыр ғана.
آية رقم 16
Біз өліп, топырақ пен сүйектерге айналған кезімізде қайтадан тірілтілеміз бе?
آية رقم 17
ﯗﯘ
ﯙ
Әрі біздің алдыңғы бабаларымыз да ма?» - дейді.
آية رقم 18
ﯚﯛﯜﯝ
ﯞ
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Иә. Әрі сендер де қор болған күйлеріңде», - деп.
آية رقم 19
Шын мәнінде, ол - бір дыбыс қана. Сонда олар / қайта тіріліп / қарап тұрады.
آية رقم 20
ﯧﯨﯩﯪﯫ
ﯬ
Олар: «Қап! Сорымыз құрысын! Бұл - Есеп күні»,- дейді.
آية رقم 21
Оларға!: «Міне, өздерің өтірік санап келген Айыру күні - осы», - делінеді.
آية رقم 22
Аса ұлы Аллаһ періштелерге / °: «Әділетсіз болғандарды және оларға ұқсағандарды және олардың табынғандарын жинаңдар,
آية رقم 23
Аллаһтан өзге / жалған құдайларын /. Сөйтіп оларды Жахимның / тозақтың / жолына салыңдар.
آية رقم 24
ﰆﰇﰈﰉ
ﰊ
Әрі оларды тоқтатыңдар, өйткені олар сұраққа тартылады.
آية رقم 25
ﭑﭒﭓﭔ
ﭕ
Оларға / :«Сендерге не болды, неге бір-біріңе көмектеспейсіңдер?» - делінеді.
آية رقم 26
ﭖﭗﭘﭙ
ﭚ
Әрине, олар бүгін бойсұнушы.
آية رقم 27
ﭛﭜﭝﭞﭟ
ﭠ
Әрі олар бір-біріне қарап, сұрақ қояды.
آية رقم 28
ﭡﭢﭣﭤﭥﭦ
ﭧ
Ерушілер / :«Сендер бізге оң жағымыздан келуші едіңдер», -дейді.
آية رقم 29
ﭨﭩﭪﭫﭬ
ﭭ
Бастаушылары / :«Жоқ! Сендер өздерің иманға келмедіңдер.
آية رقم 30
Әрі сендерге біздің билігіміз болған жоқ. Негізінде, сендер шектен шыққан адамдар едіңдер.
آية رقم 31
Енді Раббымыздың бізге қатысты Сөзі орындалды. Күмәнісіз, / жазаны / татамыз.
آية رقم 32
ﮂﮃﮄﮅ
ﮆ
Иә, Біз сендерді адастырдық, өйткені өзіміз де адасуда едік», - дейді.
آية رقم 33
ﮇﮈﮉﮊﮋ
ﮌ
Әрі сол күні олар азапта бірге болады.
آية رقم 34
ﮍﮎﮏﮐ
ﮑ
Ақиқатында, Біз қылмыскерлерге осылай істейміз.
آية رقم 35
Өйткені оларға: «Аллаһтан басқа ешбір құдай жоқ», - деп айтылған кезде, олар менменсіп, өздерін жоғары қоятын,
آية رقم 36
ﮝﮞﮟﮠﮡﮢ
ﮣ
әрі олар: «Біз жын соққан бір ақынға бола құдайларымызды тастайық па?» -дейтін.
آية رقم 37
ﮤﮥﮦﮧﮨ
ﮩ
Жоқ, олай емес! Ол ақиқатпен келді және / алдыңғы / елшілердің хақтығын растады.
آية رقم 38
ﮪﮫﮬﮭ
ﮮ
Сендер міндетті түрде қинаушы азапты татасыңдар.
آية رقم 39
ﮯﮰﮱﯓﯔﯕ
ﯖ
Әрі сендерге тек, істеп өткен амалдарыңның қайтарымы беріледі.
آية رقم 40
ﯗﯘﯙﯚ
ﯛ
Ал, Аллаһтың тазартылған құлдары басқа.
آية رقم 41
ﯜﯝﯞﯟ
ﯠ
Міне, соларға белгілі ризық бар,
آية رقم 42
ﯡﯢﯣ
ﯤ
сан түрлі / жемістер, әрі олар құрметке бөленеді.
آية رقم 43
ﯥﯦﯧ
ﯨ
Наъим (Жәннаттың аты. Мағрасы - көптеген нығмет, игілік) бақтарында,
آية رقم 44
ﯩﯪﯫ
ﯬ
көтеріңкі орындарда бір-біріне қарама-қарсы отырады.
آية رقم 45
ﯭﯮﯯﯰﯱ
ﯲ
Оларды бұлақтан толтырылған кеселермен айналып жүреді,
آية رقم 46
ﯳﯴﯵ
ﯶ
аппақ әрі ішушілер үшін ләззатты.
آية رقم 47
Одан іш ауырмайды әрі одан олар ақыл-естерін жоғалтпайды.
آية رقم 48
ﯿﰀﰁﰂ
ﰃ
Әрі олардың жанында көздерін қорғайтын, жанарлары үлкен / қыздар / бар.
آية رقم 49
ﰄﰅﰆ
ﰇ
Әрі олар бейне бір / аялап / қорғалған жұмыртқадай.
آية رقم 50
ﰈﰉﰊﰋﰌ
ﰍ
Олар / жәннаттықтар / бір-біріне қарап сұрасады.
آية رقم 51
Олардың біреуі: «Менің бір жолдасым бар еді.
آية رقم 52
ﭑﭒﭓﭔ
ﭕ
Ол маған: «Сен / қайта тірілуді! шын деп сенушілерденсің бе?
آية رقم 53
Біз өліп топырақ пен сүйектерге айналған кезімізде есеп беріп жазаға тартыламыз ба?» - дейтін.
آية رقم 54
ﭞﭟﭠﭡ
ﭢ
Сендер оны көріп тұрған жоқсындар ма?»- / деп жанындағылардан сұрайды. /
آية رقم 55
ﭣﭤﭥﭦﭧ
ﭨ
Сонда өзі қарап, оны Жахимның ортасында көреді.
آية رقم 56
ﭩﭪﭫﭬﭭ
ﭮ
Ол: «Аллаһпен ант етейін, сәл болмағанда сен мені құрта жаздадың.
آية رقم 57
ﭯﭰﭱﭲﭳﭴ
ﭵ
Раббымның игілігі болмағанда, мен / тозаққа / келтірілгендерден болар едім», -дейді.
آية رقم 58
ﭶﭷﭸ
ﭹ
Жәннаттықтар / :«Біз өлмейміз бе,
آية رقم 59
ﭺﭻﭼﭽﭾﭿ
ﮀ
дүниедегі / бірінші өлімімізден басқа. Әрі біз жазаға тартылмаймыз ба?» - дейді.
آية رقم 60
ﮁﮂﮃﮄﮅ
ﮆ
Шын мәнінде, бұл - ұлы табыс / жетістік, игілік /.
آية رقم 61
ﮇﮈﮉﮊ
ﮋ
Амал етушілер, міне, осы секілді / ұлы игілік / үшін амал етсін.
آية رقم 62
ﮌﮍﮎﮏﮐﮑ
ﮒ
Сый-сияпат ретінде осы / Жәннат / жақсы ма, әлде / тозақтағы / заққұм ағашы ма?
آية رقم 63
ﮓﮔﮕﮖ
ﮗ
Анығында, Біз оны / заққұмды / әділетсіздер үшін сынақ еттік.
آية رقم 64
ﮘﮙﮚﮛﮜﮝ
ﮞ
Ол - Жахим / тозағының / түбінен өсетін бір ағаш.
آية رقم 65
ﮟﮠﮡﮢ
ﮣ
Оның жемістері шайтандардың бастары секілді / өте ұсқынсыз /.
آية رقم 66
ﮤﮥﮦﮧﮨﮩ
ﮪ
Ал, олар одан жейді әрі онымен қарындарын толтырады.
آية رقم 67
Содан кейін оларға оның үстінен қайнап тұрған су араластырылып беріледі.
آية رقم 68
ﯔﯕﯖﯗﯘ
ﯙ
Кейін олардың / әділетсіздердің / қайтар жерлері - Жахим.
آية رقم 69
ﯚﯛﯜﯝ
ﯞ
Ақиқатында, олар аталарын адасқан күйлерінде тапты,
آية رقم 70
ﯟﯠﯡﯢ
ﯣ
әрі өздері де олардың / аталарының / іздерінен асығыс жүгіруде.
آية رقم 71
ﯤﯥﯦﯧﯨ
ﯩ
Негізінде оларға дейін де алдыңғылардың көбі адасқан еді.
آية رقم 72
ﯪﯫﯬﯭ
ﯮ
Біз оларға ескертетін ескертушілерді / пайғамбарлар / жібердік.
آية رقم 73
ﯯﯰﯱﯲﯳ
ﯴ
Ей, Мұхаммед! / Ал, енді ескертілгендердің соңы / қалай / болғанына назар сал,
آية رقم 74
ﯵﯶﯷﯸ
ﯹ
тек Аллаһтың тазартқан құлдарынан басқаларының.
آية رقم 75
ﯺﯻﯼﯽﯾ
ﯿ
Ақиқатында, Нұх Бізге жалбарына үн қатты, Біз қандай жақсы жауап қайтарушымыз.
آية رقم 76
ﰀﰁﰂﰃﰄ
ﰅ
Әрі Біз оны және оның үй ішін өте үлкен қайғыдан құтқардық.
آية رقم 77
ﭑﭒﭓﭔ
ﭕ
Әрі оның ұрпағын қалушылар еттік / қалдырдық /.
آية رقم 78
ﭖﭗﭘﭙ
ﭚ
Ол жайлы кейінгілердің арасында / ізгі сөз / қалдырдық.
آية رقم 79
ﭛﭜﭝﭞﭟ
ﭠ
Әлемдердің ішінде Нұхқа сәлем !
آية رقم 80
ﭡﭢﭣﭤ
ﭥ
Күмәнсіз, Біз жақсылықты ықыласпен істеушілерге сыйын осылай береміз.
آية رقم 81
ﭦﭧﭨﭩ
ﭪ
Шын мәнінде, ол - Біздің иманды / мүмін / құлдарымыздан.
آية رقم 82
ﭫﭬﭭ
ﭮ
Кейін басқаларды суға батырдық.
آية رقم 83
ﭯﭰﭱﭲﭳ
ﭴ
Әрі шын мәнінде, Ибраһим де оның жолындағылардан еді.
آية رقم 84
ﭵﭶﭷﭸﭹ
ﭺ
Ол Раббысына сау жүрекпен келді.
آية رقم 85
ﭻﭼﭽﭾﭿﮀ
ﮁ
Ол әкесіне әрі еліне: «Сендер не нәрсеге табынасыңдар?
آية رقم 86
ﮂﮃﮄﮅﮆ
ﮇ
Сендер Аллаһтан өзге, ойдан құрастырылған құдайларды қалайсыңдар ма?
آية رقم 87
ﮈﮉﮊﮋ
ﮌ
Әлемдердің Раббысы жайында не ойлайсыңдар?» - деді.
آية رقم 88
ﮍﮎﮏﮐ
ﮑ
Сөйтіп, ол жұлдыздарға бір қарап көз тастады да:
آية رقم 89
ﮒﮓﮔ
ﮕ
«Мен ауырып тұрмын», - деді.
آية رقم 90
ﮖﮗﮘ
ﮙ
Сонда олар одан бұрылып кетті.
آية رقم 91
ﮚﮛﮜﮝﮞﮟ
ﮠ
Ал, ол олардың құдайларына / пұттарына / жасырына келіп: «Сендер жемейсіңдер ме?
آية رقم 92
ﮡﮢﮣﮤ
ﮥ
Сендерге не болды, неге сөйлемейсіңдер?» - деді.
آية رقم 93
ﮦﮧﮨﮩ
ﮪ
Сөйтіп, ол оларды оң қолымен ұруға кірісті.
آية رقم 94
ﮫﮬﮭ
ﮮ
Сонда олар / қауымы / оған асығып келді.
آية رقم 95
ﮯﮰﮱﯓ
ﯔ
Ол / Ибраһим / :«Сендер, өздерің қашап жасағандарыңа табынасыңдар ма?
آية رقم 96
ﯕﯖﯗﯘ
ﯙ
Ал Аллаһ сендерді де, сендердің жасап жатқандарыңды да жаратқан», - деді.
آية رقم 97
Олар: «Оған бір құрылыс құрып, оны отқа лақтырыңдар», - деді.
آية رقم 98
ﯢﯣﯤﯥﯦ
ﯧ
Әрі олар оған бір айла жасағылары келді, бірақ Біз оларды ең төменгілерден еттік.
آية رقم 99
ﯨﯩﯪﯫﯬﯭ
ﯮ
Оттан аман шыққан соң Ибраһим / :«Мен өзімнің Раббыма барамын, Ол мені тура жолмен жүргізеді.
آية رقم 100
ﯯﯰﯱﯲﯳ
ﯴ
Раббым! Маған ізгілерден тарту ет», - деді.
آية رقم 101
ﯵﯶﯷ
ﯸ
Сонда Біз оны өте ұстамды бір ұлмен сүйіншіледік.
آية رقم 102
Ол / ұлы / оның өзімен бірге жүріп, әрекет етуге жеткен кезде, ол: «Әй, балам! Мен түсімде сені / құрбандыққа / шалып жатқанымды көремін. Байқап қарашы, сен не ойлайсың?» - деді. Ол: «Әкешім! Өзіңе бұйырылғанды орында. Аллаһ қаласа, мені сабырлылардан табасың», - деді.
آية رقم 103
ﭑﭒﭓﭔ
ﭕ
Сөйтіп, екеуі де бойсұнып, ол оны маңдайын жерге тигізіп жатқызған кезде,
آية رقم 104
ﭖﭗﭘ
ﭙ
Біз үн қатып: «Ей, Ибраһим!
آية رقم 105
Сен түсіңде көргеніңді растап, орындадың»,-дедік. жақсылықты ықыласпен істеушілерге қайтарым сыйын Біз осылай береміз.
آية رقم 106
ﭣﭤﭥﭦﭧ
ﭨ
Ақиқатында, бұл - анық сынақ.
آية رقم 107
ﭩﭪﭫ
ﭬ
Әрі Біз оның орнына ұлы құрбандық бердік.
آية رقم 108
ﭭﭮﭯﭰ
ﭱ
Әрі кейінгілердің арасында ол жайлы / игі дұға-салауат / қалдырдық.
آية رقم 109
ﭲﭳﭴ
ﭵ
Ибраһимге сәлем / амандық / болсын!
آية رقم 110
ﭶﭷﭸ
ﭹ
Біз жақсылықты ықыласпен істеушілердің сыйын осылай береміз.
آية رقم 111
ﭺﭻﭼﭽ
ﭾ
Шын мәнінде, ол - Біздің иманды / мүмін / құлдарымыздан.
آية رقم 112
ﭿﮀﮁﮂﮃ
ﮄ
Әрі Біз оны Исхақпен - ізгілердің қатарындағы пайғамбармен сүйіншіледік.
آية رقم 113
Әрі Біз оған және Исхаққа береке дарыттық. Ол екеуінің ұрпақтарының ішінде игілік істеушілер бар, сондай-ақ, өзіне-өзі анық әділетсіздік етуші де бар.
آية رقم 114
ﮑﮒﮓﮔﮕ
ﮖ
Әрі Біз Мұса мен Һарұнға да игілік жасадық.
آية رقم 115
ﮗﮘﮙﮚﮛ
ﮜ
Әрі ол екеуін және олардың елін үлкен қайғы-қасіреттен құтқардық,
آية رقم 116
ﮝﮞﮟﮠ
ﮡ
және Біз оларға көмек беріп, олар жеңіске жетті.
آية رقم 117
ﮢﮣﮤ
ﮥ
Әрі Біз екеуіне анық Кітапты / Тәуратты / бердік,
آية رقم 118
ﮦﮧﮨ
ﮩ
және екеуін тура жолмен жүргіздік.
آية رقم 119
ﮪﮫﮬﮭ
ﮮ
Әрі Біз ол екеуі жайлы кейінгілердің арасында / жақсы сөз / қалдырдық.
آية رقم 120
ﮯﮰﮱﯓ
ﯔ
Мұса мен Һарұнға сәлем / амандық / !
آية رقم 121
ﯕﯖﯗﯘ
ﯙ
Ақиқатында, Біз жақсылықты ықыласпен істеушілердің сыйын осылай береміз.
آية رقم 122
ﯚﯛﯜﯝ
ﯞ
Күмәнсіз, ол екеуі - Біздің иманды / мүмін / құлдарымыздан.
آية رقم 123
ﯟﯠﯡﯢ
ﯣ
Әрі шын мәнінде, Ілияс та жіберілгендерден.
آية رقم 124
ﯤﯥﯦﯧﯨ
ﯩ
Кезінде ол еліне: « / Аллаһтан / қорқып, сақтанбайсыңдар ма?
آية رقم 125
ﯪﯫﯬﯭﯮ
ﯯ
Сендер Бәълға / пұтқа / жалбарынып, ең жақсы Жаратушыларыңды тастайсыңдар ма-
آية رقم 126
ﯰﯱﯲﯳﯴ
ﯵ
өздеріңнің Раббың әрі бұрынғы ата-бабаларыңның Раббысы болған Аллаһты?» - деді.
آية رقم 127
ﭑﭒﭓ
ﭔ
Сонда олар оны өтірікшіге шығарды, енді олар міндетті түрде / тозаққа / келтіріледі,
آية رقم 128
ﭕﭖﭗﭘ
ﭙ
тек Аллаһтың тазартқан құлдарынан басқалары.
آية رقم 129
ﭚﭛﭜﭝ
ﭞ
Әрі Біз ол жайлы кейінгілердің арасында / жақсы сөз / қалдырдық.
آية رقم 130
ﭟﭠﭡﭢ
ﭣ
Ілиясинге сәлем!
آية رقم 131
ﭤﭥﭦﭧ
ﭨ
Күмәнсіз, Біз жақсылықты ықыласпен істеушілердің сыйын осылай береміз.
آية رقم 132
ﭩﭪﭫﭬ
ﭭ
Шын мәнінде, ол Біздің иманды / мүмін / құлдарымыздан.
آية رقم 133
ﭮﭯﭰﭱ
ﭲ
Сөзсіз, Лұт та жіберілгендерден.
آية رقم 134
ﭳﭴﭵﭶ
ﭷ
Біз оны және оның үй ішінің барлығын құтқардық,
آية رقم 135
ﭸﭹﭺﭻ
ﭼ
тек қалушылардан болған бір кемпірден басқа.
آية رقم 136
ﭽﭾﭿ
ﮀ
Содан кейін басқаларын жойып жібердік.
آية رقم 137
ﮁﮂﮃﮄ
ﮅ
Әрі сендер олардың жанынан таңертең өтесіңдер,
آية رقم 138
ﮆﮇﮈﮉ
ﮊ
және түнде де. Ақылдарыңды істетіп, ұғынбайсыңдар ма?
آية رقم 139
ﮋﮌﮍﮎ
ﮏ
Йунус та жіберілгендерден.
آية رقم 140
ﮐﮑﮒﮓﮔ
ﮕ
Кезінде ол лық толы болған кемеге қашқан еді.
آية رقم 141
ﮖﮗﮘﮙ
ﮚ
Содан жеребе тартып, жеңілгендерден болды.
آية رقم 142
ﮛﮜﮝﮞ
ﮟ
Сөйтіп оны жазғырылуға лайық болған күйінде кит жұтты.
آية رقم 143
ﮠﮡﮢﮣﮤ
ﮥ
Егер де ол / Аллаһты кемшіліктен / пәк деп дәріптеушілерден болмағанда,
آية رقم 144
ﮦﮧﮨﮩﮪﮫ
ﮬ
оның / киттің / ішінде қайта тірілтілетін күнге дейін қалған болар еді.
آية رقم 145
ﮭﮮﮯﮰﮱ
ﯓ
Сонда Біз оны ашық жерге шығарып тастадық.Ал, ол әлсіз еді.
آية رقم 146
ﯔﯕﯖﯗﯘ
ﯙ
Әрі Біз оның үстіне / оған / иақтийн өсімдігін өсірдік.
آية رقم 147
ﯚﯛﯜﯝﯞﯟ
ﯠ
Әрі Біз оны жүз мың немесе одан да көпке жібердік.
آية رقم 148
ﯡﯢﯣﯤ
ﯥ
Олар иманға келді. Сонда Біз оларды бір мерзімге дейін пайдаландырдық.
آية رقم 149
ﯦﯧﯨﯩﯪ
ﯫ
Олардан / мүшріктерден / сұра, шынымен-ақ сенің Раббыңа қыздар, ал оларға ұлдар ма?
آية رقم 150
ﯬﯭﯮﯯﯰﯱ
ﯲ
Әлде Біз періштелерді әйел етіп жаратып, олар оны / көріп / куә болды ма?
آية رقم 151
ﯳﯴﯵﯶﯷ
ﯸ
Біліңдер! Олар ойларынан шығарған жаласын айтады:
آية رقم 152
ﯹﯺﯻﯼ
ﯽ
«Аллаһ туды», - деп. Олар - сөзсіз, өтірік айтушылар.
آية رقم 153
ﯾﯿﰀﰁ
ﰂ
Ол ұлдарға қарағанда қыздарды таңдады ма?
آية رقم 154
ﭑﭒﭓﭔ
ﭕ
Сендерге не болды, қалай шешім шығарасыңдар?
آية رقم 155
ﭖﭗ
ﭘ
Естеріңе түсірмейсіңдер ме?
آية رقم 156
ﭙﭚﭛﭜ
ﭝ
Әлде сендерде анық дәлел бар ма?
آية رقم 157
ﭞﭟﭠﭡﭢ
ﭣ
Егер шын сөзді болсаңдар, кітаптарыңды әкеліңдер.
آية رقم 158
Олар / серік қосушылар / Онымен / Аллаһпен / жындардың арасында туыстық байланыс бар деп ұйғарды. Ал жындар болса өздерінің / есеп беруге / келтірілетінін білді.
آية رقم 159
ﭰﭱﭲﭳ
ﭴ
Аллаһ - олардың таңған сипаттарынан / жапқан жалаларынан / пәк,
آية رقم 160
ﭵﭶﭷﭸ
ﭹ
тек Аллаһтың тазартқан құлдары ғана басқа / ондайдан аулақ /.
آية رقم 161
ﭺﭻﭼ
ﭽ
Ал, сендер және сендердің табынғандарың,
آية رقم 162
ﭾﭿﮀﮁ
ﮂ
Оған / Аллаһқа / қатысты ешкімді де бүлікке сала алмайсыңдар,
آية رقم 163
ﮃﮄﮅﮆﮇ
ﮈ
тек Жахимда (Тозақта) жанатындарды ғана / бүлікке түсіре аласыңдар /.
آية رقم 164
ﮉﮊﮋﮌﮍﮎ
ﮏ
Періштелер / :«Бізден орны белгілі болмаған ешкім жоқ.
آية رقم 165
ﮐﮑﮒ
ﮓ
Ақиқатында, біз қатарланып тұрушымыз.
آية رقم 166
ﮔﮕﮖ
ﮗ
Әрі біз - / Аллаһты кемшіліктерден / пәк деп дәріптеушіміз», - дейді.
آية رقم 167
ﮘﮙﮚ
ﮛ
Ал, олар / Мекке мүшріктері / кезінде:
آية رقم 168
ﮜﮝﮞﮟﮠﮡ
ﮢ
«Егер де бізде әуелгілерден бір «Еске салу» болғанда,
آية رقم 169
ﮣﮤﮥﮦ
ﮧ
онда біз де Аллаһтың таңдалған құлдарынан болар едік», - деп айтатын еді.
آية رقم 170
ﮨﮩﮪﮫﮬ
ﮭ
Алайда, олар оған / Елшіге / күпірлік етті / сенбеді /. Енді олар жақын арада біледі.
آية رقم 171
ﮮﮯﮰﮱﯓ
ﯔ
Әрі Біздің Сөзіміз Елші етіп жіберілген құлдарымызға алдын ала бекітіліп қойылған:
آية رقم 172
ﯕﯖﯗ
ﯘ
Оларға сөзсіз көмек берілетіні,
آية رقم 173
ﯙﯚﯛﯜ
ﯝ
және Біздің әскеріміздің жеңетіні туралы.
آية رقم 174
ﯞﯟﯠﯡ
ﯢ
Ей, Мұхаммед! / Олардан / мүшріктерден / бір уақытқа дейін жүзіңді бүр,
آية رقم 175
ﯣﯤﯥ
ﯦ
әрі Оларға қара, жақында олар / азапты / көреді.
آية رقم 176
ﯧﯨ
ﯩ
Олар Біздің азабымыздың тез болуын талап ете ме?
آية رقم 177
ﯪﯫﯬﯭﯮﯯ
ﯰ
Ал, ол / азап / олардың есіктерінің алдына түскен кезде, ескертілгендердің таңы қандай жаман болады.
آية رقم 178
ﯱﯲﯳﯴ
ﯵ
Ей, Мұхаммед! / Олардан / мүшріктерден / бір уақытқа дейін жүзіңді бүр,
آية رقم 179
ﯶﯷﯸ
ﯹ
және қара, жақында олар / азапты / көреді.
آية رقم 180
ﯺﯻﯼﯽﯾﯿ
ﰀ
Сенің Раббың - үстемдік Раббысы / Иесі / олардың сипаттағандарынан пәк.
آية رقم 181
ﰁﰂﰃ
ﰄ
Әрі елшілерге сәлем / амандық /.
آية رقم 182
ﰅﰆﰇﰈ
ﰉ
Барлық мақтау - Әлемдердің Раббысы Аллаһқа.
تقدم القراءة