ترجمة معاني سورة الإنسان باللغة الكازاخية من كتاب الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي
جمعية خليفة الطاي الخيرية
آية رقم 1
Адамға ол еске алынбаған кезінен / жаратылғанға дейін / біраз уақыт өтпеді ме?
آية رقم 2
Ақиқатында, Біз адам баласын араласқан бір тамшыдан жараттық. Біз оны сынаймыз. Сөйтіп, оны еститін, көретін еттік.
آية رقم 3
Күмәнсіз, Біз оны тура жолға түсірдік. Ол не шүкір етер / Раббысының берген игіліктеріне алғыс білдірер / , немесе күпірлік етер / ол игіліктерді мойындамай теріске шығарар /.
آية رقم 4
ﯻﯼﯽﯾﯿﰀ
ﰁ
Ақиқатында, Біз, кәпірлер үшін шынжырлар, бұғаулар және Саъирді әзірледік.
آية رقم 5
Әлбетте ізгілер кафур араластырған кеседен / сусын / ішеді,
آية رقم 6
Аллаһтың құлдары ішетін бір бұлақтан, олар оны / қалағанынша / ағызады.
آية رقم 7
5Олар нәзірді / Аллаһ жолына атағанын / орындайды және жамандығы кең жайылатын Күннен қорқады.
آية رقم 8
Өздері тамақты қалап тұрғанына қарамастан, оны кедейге, жетімге және тұтқынға жегізеді.
آية رقم 9
Олар!: «Шын мәнінде біз сендерді Аллаһтың дидары үшін тамақтандырамыз. Сендерден сый да, алғыс та қаламаймыз.
آية رقم 10
Ақиқатында, біз Раббымыздан болатын түнерген, ауыр бір Күннен қорқамыз», - дейді.
آية رقم 11
Аллаһ оларды сол Күннің жамандығынан сақтап, оларға жарқындық пен қуаныш нәсіп етеді,
آية رقم 12
ﮅﮆﮇﮈﮉ
ﮊ
және сабыр еткендері үшін оларға / Жәннаттағы / бақ пен жібекті қайтарым сый етіп береді.
آية رقم 13
Олар онда перделермен сәнделгенжұмсақ сәкілерде сүйеніп отырады. Олар онда күнді де, аязды да көрмейді.
آية رقم 14
ﮗﮘﮙﮚﮛﮜ
ﮝ
Әрі оларға оның көлеңкелері жақын, ал жемістері төмен иіліп тұрады.
آية رقم 15
Және оларды күміс ыдыстармен, шыны көзелермен айналып жүреді.
آية رقم 16
ﮧﮨﮩﮪﮫ
ﮬ
Ал шынысы - күмістен. бұл ыдыстар / сайма-сай / өлшеніп қойылған.
آية رقم 17
ﮭﮮﮯﮰﮱﯓ
ﯔ
Әрі оларға зәнжәбил / сусыны / араластырылған кеседен ішкізіледі,
آية رقم 18
ﯕﯖﯗﯘ
ﯙ
«Сәлсәбил» деп аталатын бұлақтан.
آية رقم 19
Әрі оларды мәңгі жас өрендер айналып / қызмет етіп / жүреді. Оларды көргеніңде, шашылған інжу деп ойлайсың.
آية رقم 20
Әрі көрген кезде, онда / жәннатта / игілік әрі ұлы патшалықты көресің.
آية رقم 21
Олардың / жәннаттықтардың / үстерінде жұқа және қалың жасыл жібек киімдер болады, олар күміс білезіктермен безендіріледі, әрі Оларға Раббысы тап-таза сусын ішкізеді.
آية رقم 22
Оларға / :«Ақиқатында, бұл - сендерге қайтарым ретінде берілген сый, сендердің әрекет-талпыныстарың алғысқа бөленді», - делінеді.
آية رقم 23
ﰅﰆﰇﰈﰉﰊ
ﰋ
Ей, Мұхаммед! / Ақиқатында, Біз саған Құранды бөліп-бөліп / біртіндеп / түсірдік.
آية رقم 24
Раббыңның үкіміне сабыр ет. Олардың ішіндегі күнәһарға да, кәпірге де бағынба.
آية رقم 25
ﰖﰗﰘﰙﰚ
ﰛ
Әрі таңертең және кешке Раббыңның есімін есіңе ал.
آية رقم 26
Ал, түннің бөлігінде Оған сәжде жаса әрі ұзын түнде Оны дәріпте.
آية رقم 27
Ақиқатында, бұлар / имансыздар / тез өтетінді / осы дүниені / жақсы көріп, ауыр Күнді / қияметті / арттарына қалдырады.
آية رقم 28
Біз оларды жаратып, тұла бойын бекіттік. Егер қаласақ, оларды өздеріне ұқсағандармен алмастыра аламыз.
آية رقم 29
Анығында, бұл - еске салу / насихат /. Енді кім қаласа, Раббысына / апаратын / жол ұстанады.
آية رقم 30
Алайда, Аллаһ қаламайынша, сендер бұны қалай алмайсыңдар. Ақиқатында, Аллаһ Білуші, аса Дана.
آية رقم 31
Ол қалағанын мейіріміне кіргізеді. Ал, әділетсіздер үшін Ол күйзелтуші азап әзірледі.
تقدم القراءة