(Мұхаммед Ғ.С.) осылайша, саған уахи еткенімізді, Аллаға қарсы келгендерге оқуың үшін бір елге жібердік. Одан бұрын да көптеген елдер өткен боатын. Оларға: “Ол, менің Раббым, Одан басқа тәңір жоқ. Оған тәуекел қылдым. Қайтар жерім де Сол” де.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ей, Мұхаммед И Осылай етіп Біз сені өзіңе уахи еткенімізді оқуың үшін өздерінен бұрын / өзге / үмметтер өткен елге жібердік. Ал, олар әр-Рахманға / аса Мейірімдіге / күпірлік етуде / сенбеуде, қарсы келуде /. Айт: «Ол менің Раббым, Одан басқа ешқандай құдай жоқ. Мен Аллаһқа жүгініп, Оған ісімді тапсырдым / тәуекел еттім / әрі Оған тәубе етемін / бойсұнуға қайтамын / », деп.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي