Әркімнің істеген ісін бақылаушы Алла емес пе? Сонда да олар, Аллаға ортақтар қосты. (Мұхаммед Ғ.С.): “Олардың аттарын атаңдар!”, - де. Аллаға жер жүзінде білмейтін бір нәрсенің хабарын беріп отырсыңдар ма? Немесе бос бір сөзбен (ортақ қосасыңдар ма?) Олай емес, кәпірлерге айлакерліктері әдемі көрсетілді де тура жолдан тосылды.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Барлық жанды істеген ісімен бірге бақылап тұрушы Ол өзгелермен бірдей ме? Ал, олар Аллаһқа серіктер қосты. Айт: «Оларды атаңдаршы. Әлде сендер Оған жер бетінде Ол білмейтін бір нәрсенің хабарын бермекшісіңдер ме, әлде бұл бос сөз бе?» деп. Жоқ, керісінше, сондай күпірлік еткендерге / Аллаһқа серік қосқандарға / қулықтары әдемі етіп көрсетіліп, олар жолдан тосылды. Ал, кімді Аллаһ адастырса, оған тура жол көрсетуші жоқ.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي